Кызылординская область

Әке-шешеңді өлтіртеміз – Қызылорда облысында 16 жастағы қызды сыныптастары жезөкшелікке салған

Қызылорда облысының Білім басқармасы ешқандай ақпарат бермей отыр

Қызылордада мектеп оқушылары 16 жастағы қызды қинап ұстап, есірткі беріп, жезөкшелікпен айналысуға мәжбүрлеген. Бұл туралы НеМолчи қоғамдық қорының жетекшісі Дина Таңсәрі айтты, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

Белсендіге жәбір көрген қыздың ата-анасы көмек сұрап, хат жазған.

«Ол қыз — үйдің жалғыз баласы. Ақпан айынан бері үйге келмеуді шығарған. Әке-шешесі полицияға хабар береді, бірақ полиция қызды іздеудің орнына  ата-ана құқығынан айырамыз деп қорқытумен айналысқан. Шарасыз әке мен шеше қызын өздері іздеген. Қыз анда-санда байланысқа шығып тұрған. Бірде «кафеде даяшы болып жүрмін», бірде «гүл дүкенінде сатушы болып істеп жүрмін» деп видео жіберіп отырған. Әке-шешесі сол мекен-жайға барса, қыз жоқ болады. Қызды қинап ұстағандардан ата-анасы шу көтермесін деп осылай істеуге мәжбүрлеген», — деп жазды ол.

Мектеп оқушылары «айтып қойсаң, Астанадағы «көкелерімізге айтып әке-шешеңді өлтіртеміз» деп қызды қорқытқан. Сондықтан ол ешкімге өзінің басындағы жағдайды айта алмаған.

Хатта жазылғандай, қыз баланы сыныптастарының қинап есірткі беріп, зорлап жүргенін мектеп директоры, мұғалімдері, учаскелік полиция да білген. Бірақ бәрі аузын буған өгіздей үн шығармай отырған.

«Кеше бәрі белгілі болды, сыныптастары қыздан ірі көлемде ақша бопсалаған, әкелмесе шашын, қасын қырып тастайтындарын айтқан. Қыз досынан ақша сұраған. Досы қыздың әке-шешесіне болып жатқан сұмдықты айтып берген», — дейді белсенді.

Дина Таңсәрінің сөзінше, сыныптастары қызды азаптаған, тұншықтырған, қинап мефедрон ішкізген, пакетті ерітіп денесіне басқан, қорлаған, жезөкшелікпен айналысатындардың сайтына тіркеген, жезөкшелікпен айналыстырған, ақшасын тартып алып отырған.

Қызылорда облысы ПД тергеу амалдарын жүргізіп жатқанын растады.

Другие новости

Back to top button