Культура

Ажырасқан Динара Қырықбаева екінші күйеуі жайлы айтты

Өнерден де, сахнадан да алыстаған Динара Қырықбаева жеке өміріне қатысы сұрақтарға жауап берді. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

Бүгінде үш баланың анасы оқырман жолдаған сауалдарға бүкпесіз жауап беруге тырысты. “Сүйіктіңіз қандай адам болу керек?” деген сұраққа Динара: “Бұрын “ер азамат сымбатты болу керек” деп ойлайтынмын. Не себепті мұндай ойда болғанымды білмеймін. Бірақ қазір құндылықтар өзгерді. Есейген Динара қазір басқаша ойлайды. Әрине, ең бірінші жауапкершілігі мол, өз ісіне жауап бере алатын жан болу керек. Десе де қазір жеке өміріме қатысты бас қатырып жүрген жоқпын. Себебі, маған бұйырған жан ешқайда кетпейді”, – деп жауап берді.

Оқырмандарды өнер иесінің бойы мен салмағы да қызықтыратын көрінеді.

“Бірден ескертейін, мен біреу үшін емес, ең әуелі өзім үшін арықтаймын. Айя дүниеге келген соң мен қатты толып кеттім. Сол артық салмақтан әлі арыла алмай жүрмін. Мен ұн өнімдерін қатты жақсы көремін. Бауырсақ, бешбармақ дегендерден бас тарта алмаймын. Бірақ бұл жолы алға қойған мақсатыма жетемін деп өзіме сөз бердім. Бұрынғы Динара боламын. Бойым – 168 сантиметр, салмағым – 73 келі”, – дейді Дианар Қырықбаева.

Айта кетейік, бүгінде Динара Қырықбаева үш баланың анасы. Ол 2015 жылы Олжас есімді азаматқа тұрмысқа шығып, 2016 жылы қызы Айша, 2017 жылы ұлы Бисұлтан, 2019 жылы Айя есімді қызды дүниеге әкелді.

Другие новости

Back to top button