Назначения и отставки
Ажар Ғиният Денсаулық сақтау министрі болып қайта тағайындалды
Ажар Ғиният денсаулық сақтау министрі болып қайта тағайындалды деп хабарлайды Ақорда .
“Мемлекет басшысының Жарлығымен Ажар Ғиният Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау министрі лауазымына тағайындалды”, – делінген сейсенбі күні тараған ақпаратта.
Ғиният алғаш рет Денсаулық сақтау министрлігін 2022 жылдың қаңтарында басқарды, оған дейін 2020-2022 жылдары денсаулық сақтау вице-министрі болған. Одан бұрын, 2017 жылдың қыркүйегінен бастап президент әкімшілігінің медициналық орталығы басшысының орынбасары қызметін атқарған.