Алматы
Айыппұл он күннен кейін келсе оны төлемеуге бола ма — Алматы полициясы жауап берді
Әлеуметтік желіде «егер айыппұл туралы хаттама айыппұл салынған күннен бастап 10 күннен кейін келсе, оны төлемей-ақ қоюға болады» деген ақпараттар тараған. Алматы қаласының полициясы бұл фейк ақпарат екенін мәлімдеді, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.
«Әкімшілік жауапкершілікке тартпауға болатын мерзім – екі ай. Егер жол ережесін бұзғаныңыз туралы ақпаратты камера түсірсе, онда әкімшілік іс сіз айыппұл туралы хабарлама алған күннен басталады», — деп хабарлайды Алматы қаласының полициясы.