Госорганы

«Айуандыққа қадам басып жатыр»: депутат квадроберлерді шектейтін заң шығару бастамасын көтерді

Мәжіліс депутаты Дәулет Мұқаев қоғамда пайда болған квадроберлердің қауіпі жайлы айтып, дабыл қақты, деп хабарлайды Azattyq Rýhy 

«Ата-аналарға үндеу. Ай өткен сайын төрт аяқты адамдар қатары көбейіп барады. Иә, олар мысыққа, итке, қасқыр, сілеусінге еліктеп солардың күйін кешіп (мияулайды, үреді, ұлиды), тамағын жейді. Шетелде төрт аяқты хайуанға еліктегендердің адамдарды тістеген, тырнаған әрекеттері тіркелген. Осылайша, адамдар адамшылыққа емес нағыз айуандыққа қадам басып жатыр. Бұл бір жұқпалы ауру сияқты. Әсіресе, жасөспірімдер бір-бірінен көріп еліктеп жатыр. Ата-аналарға дабыл қағып жатқаным да осыдан. Бұл — субмәдениет. Бұның артында өзге күштердің үлкен бизнесі тұр. Сақ болыңыздар», — дейді Дәулет Мұқаев.

Депутаттың айтуынша, квадроберлердің әрекетін құзырлы органдар мұқият зерттеу керек.

«Керек десеңіздер, біздің тараптан (Парламент) арнайы заң шығаруға да дайынбыз», — дейді ол.

Другие новости

Back to top button