Главное

Айсәуле Бақытбектің отбасы ауыр қазаға душар болды

Блогер әрі актриса Айсәуле Бақытбектің қайын атасы Ербол Қайдаров көз жұмды. Ол — Қазақстандағы белгілі онколог-дәрігер, Асфендияров атындағы Қазақ ұлттық медицина университетінің бірінші проректоры Диляра Қайдарованың жолдасы, деп жазады Azattyqruhy.kz.

Марқұмның қазасы туралы Асфендияров атындағы университет пен келіні Айсәуле Бақытбек жазған. Актриса қазір дел-сай күйде екенін айтып, балалары атасын қатты іздеп отыр дейді.

«Жолдасыма қарап, оның жаны ауырып тұрғанын көремін, бірақ қолымнан түк келмейді. Жақсы көретін аталарын тосып отырған балаларыма қарап, не айтарымды білмеймін. Олар атасы іссапарға кетті деп ойлап отыр. Жүректерін қатты жаралап алмай, аталары енді жоқ екенін қайтып айтарымды білмеймін. Осы посты жазып отырып, сұхбатымды монтаждап отырып, бизнесте жетістікке жете отырып әкем енді мені ешқашан мақтай алмайтынын түсінемін. Үйде сұхбаттарымның бәрін көріп, желідегі әр жазбамды ерінбей оқитын жалғыз адам — қайын атам еді», — деп жазған Айсәуле Бақытбек.

Ербол Қайдаров Қазақстандағы белгілі онколог-дәрігер, Асфендияров атындағы Қазақ ұлттық медицина университетінің бірінші проректоры Диляра Қайдарованың жолдасы. Университет Ербол Қайдаровтың мезгілсіз қазасына байланысты Диляра Қайдароваға көңіл білдірген.

Другие новости

Back to top button