Госорганы
Air Astana Таяу Шығыстағы ахуалға байланысты Атырау-Дубай рейстерін уақытша тоқтатты

Air Astana әуе компаниясы 28 маусымнан бастап Атырау-Дубай бағыты бойынша рейстерді уақытша тоқтататынын мәлім етті, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.
Себебі неде?
Мұндай шешімге келудің басты себебі – Иран мен Ирак әуе кеңістігін айналып өтуге байланысты ұшу уақытының едәуір артуы. Бұл шара жолаушылардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында қабылданды.
Билеттер не болады?
Тоқтатылған рейстерге билет сатып алған жолаушыларға екі нұсқа ұсынылады:
- Басқа бағыттарға тегін қайта брондау – Атыраудан басқа бағыттарға немесе Астана мен Алматыдан Дубайға бағытталған рейстерге қосымша ақысыз ауыстыру.
- Ақшаны толық қайтару – сатып алынған авиабилеттің толық құнын ешқандай ұстап қалусыз қайтару.