ГлавноеГосорганы

Әйелін ұрып өлтірді деп айыпталған Қуандық Бишімбаевтың ісі сотқа жіберілді

Әйелін ұрып өлтірді деп айыпталып, қамауда отырған экс-министр Қуандық Бишімбаевтың ісі сотқа жіберілді. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

 

Істің сотқа жіберілгені туралы ақпаратты жәбірленуші тараптың адвокаты Жанна Мұхамади мәлімдеді.

“Істі Астана қаласының қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық соты қарайды”, – деді қорғаушы.

Бұған дейін күйеуінің қолынан қаза тапқан Салтанат Нүкенованың ағасы Айтбек Амангелді ҚР Қылмыстық кодекстің 99-бабымен “аса қатігездікпен адам өлтіру” қылмыстық іс қозғалғанын мәлімдеген.

Айта кетейік, бұған дейін бұрынғы ұлттық экономика министрі Қуандық Бишімбаев әйелі Салтанат Нүкенованы өлтірді деген күдікпен ұсталған. Кейіннен қылмысты жасырды деген айыппен Салтанат Нүкенова көз жұмған мейрамхананың директоры да тұтқындалды.

Бұған дейін Салтанат Нүкенованың жақындары оның отбасылық өмірі туралы айтып бергені туралы жазылған.

Другие новости

Back to top button