Социум

«Әйеліме заңсыз іздеу жарияланды!» Орманбаеваның күйеуі үндеу жасады

Танымал қазақстандық КВН ойыншысы Даут Шайхисламов әйелі Дана Орманбаеваға заңсыз іздеу жарияланғанын, ал соттың оны сырттай қамауға алуы әлі заңды күшіне енбегенін мәлімдеді, деп хабарлайды Ulysmedia.kz

МӘН-ЖАЙ

Ол айыптауды «Blogerskii pizdesh» парақшасының авторы Алена Панамарева ойлап тапқанын айтты.

— Мен заңға сендім, бірақ қазір бәрі түсінікті болды. Бәрін ашық айтып, әділдік орнататын уақыт келді!, дейді Даут Шайхисламов.

Оның айтуынша, Алматы тергеу сотының сырттай қамауға алу туралы қаулысы заңды күшіне енбеген, оған адвокаттар Алматы қалалық сотына шағымданған.

— Бірақ журналистер әлі күшіне енбеген сот шешіміне сілтеме жасап, жалған ақпарат таратып жатыр, осылайша апелляциялық сатыдағы сотқа қысым жасалып жатыр. Бұл – заңның бұзылуы! Сот тәуелсіз болуы керек, бірақ қазір қоғамдық ойға манипуляция жасалып жатыр, дейді Шайхисламов.

Ол оқырмандарына әлеуметтік желідегі видео үндеуін тарату керегін айтты.

— Бәрі шындықты және шын мәнінде не болып жатқанын білсін. Дана үнемі адамдарға көмектесіп, әділдік жолында жүрген. Қазір ол сіздердің қолдауларыңызға мұқтаж, дейді әртіс.

ОРМАНБАЕВАНЫҢ ІСІ

25 қаңтарда қазақстандық журналист, продюсер және қоғам қайраткері Дана Орманбаеваға әлеуметтік желіде ұлтаралық араздықты қоздыру ісі бойынша халықаралық іздеу жарияланды. Бұл туралы Алматы қалалық полиция департаменті жария етті.

Алматының полиция департаменті тергеу басқармасымен Орманбаеваға қатысты «ұлтаралық алауыздықты өршіту фактісі бойынша қылмыстық іс тергеліп жатқанын» атап өтті.

– Сот «қамауда ұстау» түріндегі бұлтартпау шарасына сырттай санкция берді. Сонымен қатар күдіктіге халықаралық іздеу жарияланды,» деп хабарланды Алматы қалалық полиция департаментінен.Дана Орманбаева өзінің әлеуметтік желідегі парақшасында халықаралық іздеуге жарияланды деген хабарға пост арқылы үн қатты.

ҚАЙДА ЕКЕНІ БЕЛГІСІЗ

29 қаңтарда мәжіліс кулуарында бас прокурордың орынбасары Ғалымжан Қойгелдиев журналист Дана Орманбаева қазіргі таңда қайда екені белгісіз екенін айтқан болатын.

Ол Дана Орманбаеваға ҚР Қылмыстық кодексінің 174-бабы бойынша айып тағылып, оған іздеу жарияланғанын еске салды. Қазіргі таңда Орманбаеваны іздеумен Интерпол айналысып жатыр.

Еске сала кетсек, 2024 жылдың сәуірінде алматылық тұрғынның әлеуметтік желідегі ұлтаралық араздықты қоздыру белгілері бар қысым мен балағат сөздерге толы пост туралы арыз-шағымынан кейін полиция Дана Орманбаеваға қатысты қылмыстық іс қозғаған болатын.

Другие новости

Back to top button