Мәжіліс депутаты Аманжан Жамалов өмірге келген әр бала үшін зейнеткерлік жасты екі жылға азайтқан жөн деген ұсыныс айтты, деп хабарлайды Экспресс К.
Оның айтуынша, статистика бойынша соңғы үш жылда әйелдер арасында өмір сұру ұзақтығы 77-ден 75,5 жасқа дейін, яғни 1,5 жылға азайған. Сондықтан әйелдердің зейнетке ерте шыққаны дұрыс деп отыр.
Еліміздегі әр әйел орта есеппен үш баланы өмірге әкеледі. Осы кезеңде тиісті жарна аударылмағандықтан, олардың зейнетақысы да жоғары болмайды. Бұл ретте әйелдердің зейнетке ерте шығуы түрінде жеңілдік жасауыл керек,
Ол әйткенмен, мұндай құқық заманауи жағдайларды ескере отырып, әділ түрде ұсынылуы керек деп санайды.Қазіргі кезде 5 және одан да көп бала туған, оларды сегіз жасқа дейін тәрбиелеген көпбалалы аналар ғана 53 жастан зейнеткерлікке шығады екен.
Үкімет баласы бар аналардың зейнетке шығу жасын азайту ұсынысын қарастыруы тиіс. Өмірге келген әр бала үшін зейнеткерлік жасты екі жылға азайтқан жөн. Алайда 10 жылдан аспайтын мерзімге төмендету керек,