Социум

Әйелдердің жұмыс істеуіне тыйым салу: Ауғанстандағы қайырымдылық ұйымдары Талибан заңына қарсылық ретінде қызметін тоқтатты

Ауғанстандағы үш халықаралық қайырымдылық ұйымы «Талибан» әйелдердің жұмыс істеуге тыйым салуына байланысты қызметін тоқтатты, деп хабарлайды Stan.kzақпарат агенттігі Deutsche Welleсайтына сілтеме жасап.

 

Ауғанстандағы үш үкіметтік емес қайырымдылық ұйымы өз жұмысын тоқтатты. Олар Талибанның әйелдерге жұмыс істеуге тыйым салғанына қарсылық көрсетуде.

Бүкіл әлем бойынша балалардың құқықтарын қорғайтын Save The Children, CARE International және норвегиялық босқындар агенттігі қызметін тоқтата тұратынын хабарлады.

«Біздің әйел қызметкерлеріміз болмаса, Ауғанстандағы балаларға, әйелдер мен ерлерге көмектесе алмаймыз», – делінген ұйымдардың бірлескен мәлімдемесінде.

«Талибан» жергілікті және шетелдік үкіметтік емес ұйымдарға әйелдерді жұмысқа жіберуге тыйым салғаны бір күн бұрын белгілі болды. Тыйым кейбір әйелдердің Талибан белгілеген  дресс-кодты ұстанбағаны үшін деп түсіндіріледі.

Ел экономикасы министрлігі өкілінің айтуынша, тыйым Ауғанстанға көмек көрсету жөніндегі үйлестіру агенттігіне (ACBAR) кіретін 180-ден астам ұйымға қатысты.

Еуропалық Одақ, БҰҰ мен АҚШ Талибанның шешімін айыптады. ЕО дипломатия басшысы Жозеп Боррелдің ресми өкілі Набила Массрали «Ауғанстандағы әйелдердің құқықтары мен негізгі бостандықтарын шектеу» және «гуманитарлық принциптерді айқын бұзу» деп атады.

Другие новости

Back to top button