Госорганы

Әйелдер вагоны тағы үш бағытқа қатынайды

«Қазақстан теміржолы» ұлттық компаниясы әйелдер вагоны тағы үш бағытқа қатынайтынын мәлімдеді, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

«Әйелдер вагондарына сұраныстың артуына байланысты «Жолаушылар тасымалы» АҚ қозғалыс географиясын кеңейтуді жалғастыруда. Вагондар №3/4 «Астана – Алматы», №33/34 «Алматы – Ақтөбе» және №71/72 «Астана – Шымкент» бағытындағы үш пойыздың құрамына енгізіледі», — деп жазды компаниядан.

Айта кетейік, пилоттық режимде бұл қызмет 2021 жылы енгізілген. Әйелдер вагондарындағы қозғалыс жайлылығын бірінші болып №77/78 «Алматы – Маңғыстау» және №351/352 «Алматы – Өскемен» пойыздарының жолаушылары бағалады.

2022 жылдың ақпан айынан бастап компания әйелдер вагондарының санын арттырды. Ол №37/38 «Маңғыстау – Семей», №47/48 «Астана – Атырау» және №45/46 «Павлодар – Түркістан» пойыздарының құрамында жүре бастады.

Другие новости

Back to top button