Главное

«Әйелдер күйеулерін бөлісуі керек»: Нағима Есқалиеваның айтқан пікірі жұртқа жақпай қалды

Әнші Нағима Есқалиева қарым-қатынас туралы әзіл айтамын деп сынға қалды. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды. 

Өнер иесі күйеулерін меншіктеп алатын әйелдерді сынады.

«Мен бұл мәселені парламентте көтергім келеді. Әйелдер өздерінің күйеулерін бөлісуі керек. 43 жыл бойы бір адамды меншіктеп алып, ұйықтау масқара ғой», – деді ол.

Желі қолданушылары әншінің бұл сөздеріне түрлі пікір білдіріп, сәтсіз әзіл деп сынады.

«Өз күйеуі жалықтырған ба әлде өзгенікін керек болып жүр ме?», «Алжығанның белгісі», «Тек осындай әңгімелер айта ма?», «Қалжыңдап тұр ғой», «Миы орнында ма?», «Біздегі біртүрлі заңдар осындай әңгімелерден кейін шығады», – деп жазды олар.

ске салайық, Нағима Есқалиева әріптесі Мақпал Жүнісованы “Халық әртісі емес”деп сынаған еді.

“Қазақ эстрадасында орта жастағы қыз-келіншектердің арасынан үш-ақ әйел “Халық әртісін” алдық. Бірі – Нағима, екіншісі – Мақпал, үшіншісі – мен”, – деді Роза Рымбаева.

Оны естіп тұрған туған күн иесі: “Мақпал “Халық әртісі” емес”, – деді.

Другие новости

Back to top button