Павлодарская область

Ағасына хабарлама жіберген: Павлодарда 25 жастағы келіншек жоғалып кетті

Павлодарда VITA отрядының еріктілері 25 жастағы Әсем Тайлақованы іздеуде. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі Pavlodarnews.kz сайтына сілтеме жасап хабарлайды.

 

Еріктілердің айтуынша, әйел 5 шілдеде үйден кетіп қалған. Бұған дейін ол ағасына суға батып бара жатқаны туралы телефон арқылы хабарлама жіберіпті. Содан бері қызды ешкім көрмеген, ол жұмыстан үйіне оралмады.

Бұл туралы жұбайы хабарлады. Қазір жұбайлар ажырасу сатысында екені белгілі. Ерлі-зайыптылардың екі кішкентай баласы бар.

«Бүгін іздеу барысында әйелді бейнебақылау камерасынан көре алдық. Жаяу Мұса көшесіндегі үйдің кіреберісінен шығып, ол дүкеннің жанынан өтіп, облыстық балалар ауруханасына қарай бет алды», – деді еріктілер.

Көрген-білгендерден полицияға хабар беру сұралады. Мұрнында қалы бар. Павлодарлықтың қызыл футболка мен қара шалбар киіп, өзімен бірге кішкентай қоңыр сөмке алып жүрген.

Другие новости

Back to top button