Социум

Ағайынды Рысқалиевтерде Назарбаевқа қандай компромат бар?

Инсайдерлер Бергей Рысқалиев пен Асқар Мусин Лондонда не істеп жүргенін айтты, — деп хабарлайды Dalanews.kz «Республикаға» сілтеп. 

Қазір Атырау облысын ұзақ жылдар бойы басқарған Бергей Рысқалиев Лондонда тұрып жатыр. Оның ағасы Аманжол Рысқалиев те сонда болуы мүмкін.

Инсайдерлердің дерегінше, Бергей Рысқалиев пен оның сыбайластарының елден қашып, босқын болуына Аслан Мусин көмектескен.

2013 жылы Рысқалиевтер бюджет қарадатын жымқырып, қылмыстық топ құрды деген күдікке ілінді. 2019 жылы Рысқалиев сырттай 17 жылға сотталып, ағасы Аманжол 16 жылға сотталды. Одан бөлек, мүліктері тәркіленді.

Рысқалиевтер экс президентке қоқан-лоқы көрсетіп жүргені туралы әңгімелер 2019 жылы шыға бастаған болатын. Сол кезде пабликтерде Назарбаев Лондондағы Гайд-паркте миллиардер Владимир Ким мен Қазақстанның Ұлыбританиядағы елшісі Ерлан Ыдырысовпен кетіп бара жатқан видеосын таратқан болатын. Кейіннен Рысқалиевтердің адамдары Владимир Кимнің апартаментін қоршап алған кадрлар Рысқалиевтердің қолында болған көрінеді.

Бұл жағдайды зерттеп жүрген инсайдерлердің сөзінше, Рысқалиевтердің қолында Назарбаевтың үшінші әйелі Әсел Рысқалиеваға қатысты компромат бар.

Ал Аслан Мусин 2017 жылы қаңтарда зейнетке шыққан кезден бері Еуропада тұрып жатыр. «Республика» инсайдерлерінің сөзінше, Ол Латвияда тұрады. Оның бұл елде тұруы да бекер емес көрінеді — президент әкімшілігін басқарған Мусиндер әулетінің біршама активі бар.

Еске салайық, бұған дейін әлеуметтік желіде Бергей Рысқалиев пен Аслан Мусиннің Лондонда жүрген суреттері тараған болатын.

Другие новости

Back to top button