ГлавноеГосорганы

АЭС бойынша референдумға жұмсалатын шығын 16 млрд теңгеден аспайды – Жамаубаев

Қаржы министрі Ерұлан Жамаубаев атом электр станциясы бойынша өтетін референдумға былтырғы референдумға бөлінген қаражаттан аз қаражат бөлінетінін айтты. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды. 

 

Мәжіліс кулуарында Ерұлан Жамаубаев АЭС құрылысы бойынша референдумды өткізуге қанша қаражат бөлінетіні туралы сұраққа жауап берді.

Министрдің сөзінше, алдымен орталық сайлау комиссиясы бюджет процесі бойынша бізге тиісті тапсырыс береді.

“Қанша қаражат керек екенін айтады. Олардың есептеулерін алмай тұрып, қалай айтамын», — деді ол.

Осы орайда БАҚ өкілдері оған шығын мөлшері былтырғы референдумнан аспауы мүмкін бе деп сұрады.

«Мүмкін, басқаша әдістер қолданылар. Сол себепті ондай үлкен қаражат кетеді деп ойламаймын. Аз болуы керек», — деп жауап берді Жамаубаев.

Айта кетсек, 2022 жылы Конституцияға өзгерістер енгізу жөніндегі референдумды өткізуге бюджеттен 16,4 млрд теңге бөлінген болатын.

Другие новости

Back to top button