Госорганы

Адвокат пен прокурор мәртебесін теңестіру қажет – Айдын Бикебаев

Адвокат пен прокурор мәртебесін теңестіру қажет. Мұндай ұсынысты Республикалық адвокаттар алқасының төрағасы Айдын Бикебаев айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

 

«Прокурор мен адвокаттың теңдігін қамтамасыз ету үшін бірқатар заңнамалық, ұйымдастырушылық іс-шара қажет. Қарапайым тілмен айтар болсақ, Конституцияға адвокат кірмеген. Прокурор туралы заң – конституциялық, мәртебесі жоғары. Келесі мәселе – қаржыландыру. Проркуратураны күтіп-ұстау жақсы. Көптеген қылмыстық істе мемлекет тегін адвокат ұсынатынын білесіздер. Оларға мемлекет төлейді. Егер барлық адвокатқа жылына бөлінетін 2,7 млрд теңге бюджет қаражатын есептесек, айына 80 мың теңгеден келеді. Бұл прокурордың жалақысынан төмен екендігі белгілі. Мұның үстіне аталған соманы алу үшін адвокат тергеушінің қолы қойылған қаулы алуға тиіс. Ал бұл адвокатты ынталандырмайды», — деді ол Бас прокуратурада өткен Мемлекеттік айыптаушылар форумы аясында БАҚ өкілдеріне берген сұхбатында.

photo

Оның атап өтуінше, елімізде «Адвокаттың қызметіне кедергі келтіру» бабы жұмыс істемейді. Мәселен, 30 жылдың ішінде адвокат қызметіне кедергі келтіргені үшін шығарылған үкім болмаған.

Сонымен қатар ол БАҚ өкілдерінің республикада ақтау үкімін алу мүмкіндігінің төмендігіне қатысты сауалына жауап берді.

«Бұл өзара байланысты проблема шығар. Адвокат мәртебесі әлсіз және сот жүйесіне реформа қажет. Нақты судьяға ықпал етуге мүмкіндік беретін белгілі бір тетіктер бар. Өткен жылдың қыркүйегінде Президент судьялардың жоғары тұрған алқаға тәуелділігін жою туралы тапсырма берді. Тапсырма дәл осылай болды. Сенат заң қабылдады. Біздің пайымызша, бұл проблеманы жеткілікті шеше алған жоқ. Қазіргі уақытта Сенатта жаңа жұмыс тобы құрылды. Тәуелділік тудыратын барлық жайтты алып тастайтын тетіктер ұсынуға тырысудамыз. Әзірше бұл жоабалар талқылау деңгейінде тұр», — деді ол.

Другие новости

Back to top button