Главное

Абзал Шынасыл: Шерзат Полатты мен өлтірген жоқпын, бірақ оны дәлелдей алмаймын

Шерзат Полаттың өлімі бойынша ең көп жыл арқалайын деп отырған Абзал Шынасыл сотта өкініш білдірді, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

«Жәбірленуші Қаржаубай Нұрымовтың отбасынан кешірім сұраймын. Қайғыларыңызға ортақпын. Қаза қайырлы болсын. Барлығы — Алланың жазуы, бұйрық шығар. Мен Шерзат Полатқа қол көтерген жоқпын, оны өлтірген де емеспін. Егер сондай әрекетке барған болсам, басында-ақ мойындайтын едім. Мен істеген ісімнен қашатын адам емеспін. Ал өз жауабымды не үшін өзгерткенімді тергеу барысында түсіндірдім», — деді ол.

Ол өзіне ҚР ҚК-нің «денсаулыққа қасақана ауыр зиян келтіру» бабы бойынша жаза тағайындауды сұрады.

«Бір үлкен қателігім — намысқа беріліп, қылмысты мойныма алғаным. Бірақ мен жазадан қорықпаймын. Соттан тек әділ жаза тағайындауды сұраймын. ҚР Қылмыстық кодексінің 106-бабы бойынша шешім шығаруыңызды өтінемін», — деді ол.

Сотталушы өзінің отбасы туралы шындыққа жанаспайтын ақпарат тарағанын айтты.

«Мен барша қазақ халқынан кешірім сұраймын. Соңғы кезде ақпарат құралдары мен әлеуметтік желілерде маған қатысты түрлі деректер айтылып жатыр: «байдың баласы», «депутаттың, әкімнің баласы» деп. Бірақ менің ешқандай «әке-көкем» жоқ. Жалғыз анам бар, сонымен бірге тұрамын. Біз қылмыстық топ емеспіз. Сол жерге қандай да бір мақсатпен немесе дайындықпен барған жоқпыз. Шерзат Полатты мен өлтірген жоқпын. Бірақ, өкінішке қарай, оны нақты кімнің өлтіргені туралы дәлел менде жоқ, сондықтан айта алмаймын», — деді ол.

Айта кетейік, мемлекеттік айыптаушы Абзал Шынасылды «Адам өлтіру» және «Бұзақылық» баптары бойынша кінәлі деп танып, 23 жылға бас бостандығынан айыруды сұраған еді.

Другие новости

Back to top button