Госорганы

Әблязовтың тағы бір сыбайласы өз еркімен Қазақстанға берілді

Мұхтар Әблязовтың тағы бір сыбайласы саналатын Алексей Богданов Қазақстанға өз еркімен берілген, деп хабарлайды Azattyq Ruhy.

Антикордың мәліметінше, ол бүгін, 15 мамыр күні ҚР ІІМ Интерполының көмегімен Богданов Брюссель қаласынан (Бельгия) Алматы қаласына келді. Ол өз еркімен оралған соң, сонымен қатар, кінәсін толық мойындап, тергеумен ынтымақтастық орнатқан соң, оған қатысты бұрын сайланған қамауда ұстау түріндегі бұлтартпау шарасы кепілге өзгергені белгілі болды.

«Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметтің басшылығымен ведомствоаралық жедел-тергеу тобы «БТА Банкі» АҚ бұрынғы топ-менеджментіне қатысты ұйымдасқан қылмыстық топқұрамында жасалған ақшаны, оның ішінде шетелде жымқыру және жылыстату фактілері бойынша қылмыстық істі одан әрі тергеп жатыр. Қылмыстық іс бойынша 2009 жылдан бері іздеуде жүрген М.Әблязовтың тағы бір сыбайласы — Алексей Богданов Қазақстанға өз еркімен қайтарылды», — деп хабарлады Антикор.

Дереккөзіне сүйенсек, Богданов «Metropolitan Manageres Corp» (BVI) оффшорлық компаниясының номиналды өкілі, «Беловод крахмал комбинаты» ЖАҚ Басқарма Төрағасы және «Маис Агро» ЖШС маманы ретінде банктің 300 млн теңгеден астам сомаға ақша қаражатын жымқырған.

Другие новости

Back to top button