Абайская область
Абай облысындағы түрмеде адам өлімі болғаны рас — Игорь Лепеха
«Иә, онда (Абай облысындағы бұрынғы орган қызметкерлері отыратын түрмеде — ред.) расымен кісі өлімі болды. Ол (жазасын өтеуші — ред.) пышақты өзі жасап алған. Өкінішке қарай, бұл — біздің қызметкерлердің салғырттығы. Бейнебақылау камераларын қарап шықтық. Сол сәтте онда екі адам ғана болған, бөтен ешкім жоқ. Екеуі де – жазасын өтеуші, бірақ камералас емес. Оқиға күндіз болған. Басқа егжей-тегжейін айта алмаймын. Бұл іс бойынша қылмыстық іс қозғалды. Біздің қызметкерлер жауапкершілікке тартылды. Бұл мекеме бойынша тексеріс жүріп жатыр», — деді Игорь Лепеха.
Айта кетсек, кеше Абай облысы бойынша Қылмыстық-атқару жүйесі департаменті бұл оқиғаны жоққа шығарған еді.