ГлавноеГосорганы

Абай облысындағы өрт үшін кімдер жазаланады

Роман Скляр «Семсей орманы» резерваты Экология министрлігінің құзырында екенін айтты

Премьер-министрдің бірінші орынбасары Роман Скляр Үкіметтің кулуарында Абай облысындағы өртке қатысты пікір білдірді, деп хабарлайды Azattyq Ruhy.

Роман Склярға «министрлер кабинеті бұл оқиғаға өздерін кінәлі сезіне ме?» деген сұрақ қойылды.

«Мен жауап беретін барлық сала бойынша мен жауаптымын», — деді Скляр.

Ал «Экология министрі Зүлфия Сүлейменова жауапқа тартылы ма?» деген сұраққа ол былай жауап берді.

«Қазір прокуратура тергеу жүргізіп жатыр. Оның аясында барлық кінәлі адамдар жауапқа тартылады», — деді ол.

Ал ШҚО әкімі Даниал Ахметовтың жауапқа тартылуы туралы сұраққа Роман Скляр «Семей орманы» резерваты Экология және табиғи ресурстар министрлігіне қарайтынын айтты.

«Бұл — министрліктің құрылымдық бөлімі. Өрт жылдам өршіп кетті. Жағдай дұрыс бағаланбады», — деді ол.

Другие новости

Back to top button