Абайская область

Абай облысындағы орман өртінің кесірінен қанша жануар қырылды – Министрлік мәлімдеме жасады

Қазақстанның экология және табиғи ресурстар министрлігі Абай облысында орман өртінің кесірінен қанша жануар зардап шеккенін айта алмады. Бұл жөнінде Stan.kz ақпарат агенттігі Kaztag-қа сілтеме жасап хабарлайды.

 

Ведомство өртке дейін ормандағы жануарлар популяциясының саны қанша болғанын айта алмады.

«Қазіргі уақытта Абай облысында орман өрті салдарынан жабайы жануарлардың өлімі туралы нақты деректер жоқ. Облыстың биоалуантүрлілігіне келтірілген залалды толық бағалау өрт жойылғаннан кейін ғана жүргізіледі. Популяциялардың жай-күйі мен сақталуы туралы ақпарат өртке қарсы операциялар аяқталғаннан кейін және орман өртінің салдарын бағалаудан кейін беріледі», – делінген Экология министрлігінің хабарламасында.

Интернетте Абай облысындағы орманда өрт салдарынан қаза тапқан жабайы жануарлардың суреттері таратылуда. Айта кетейік, өрттен шамамен 60 мың гектар аумақ зардап шекті.

Другие новости

Back to top button