Абайская область
Абай облысында бір мектептің үш қызметкері жол апатынан қаза тапты
Қайғылы оқиға 9 желтоқсанда Таскескен – Бақты тасжолында болған
Абай облысында жантүршігерлік жол-көлік апатынан үш адам қаза тапты. Олардың үшеуі де мектеп қызметкері болған, деп хабарлайды Azattyq Ruhy.
Облыстық полиция департаментінің хабарлауынша, қайғылы оқиға 9 желтоқсанда Таскескен – Бақты тасжолында болған.
«Сағат 14:45 шамасында Toyota Carina E көлігінің 29 жастағы жүргізушісі рөлге ие бола алмай, қарсы жолақпен келе жатқан жүк көлігімен соқтығысқан. Апат салдарынан 3 адам оқиға орнында қаза тапты», — делінген хабарламада.
Белгілі болғандай, қаза болғандардың қатарында Үржар ауданы Жанай орта мектебінің әскери нұсқаушысы, психологы және жабдықтау меңгерушісі болған. 29 жастағы үйленбеген әскери нұсқаушы жақында ғана жергілікті мектепке жұмысқа орналасқан екен. Ал психологтың артында 5 баласы қалған.