Госорганы

Әкімдіктер қантты өзіндік құнынан төмен бағаға сатып, елді дүрліктірді – министр

Павлодар облысы тұрақтандыру қоры қантты 448 теңгеге сатып алып, 416 теңгеге сатқан

Елдегі қант тапшылығына квотаны ұзақ игеру себеп болып отыр, деп хабарлайды Azattyq Ruhy.

Көрші елдердегі геосаяси жағдайға байланысты туындаған логистикалық проблема салдарынан Ресей мен Беларусь елдерінен импорт кезінде ақ қантты жеткізу мерзімі 4-10 күнтізбелік күнге дейін болса, қазіргі уақытта Ресей Федерациясы қантты әкетуге тыйым салу шараларын қабылдағаннан кейін үшінші елдерден қантты жеткізу мерзімі 90 күнге жетеді. Бұл туралы Орталық коммуникациялар қызметі алаңында өткен жиында Ауыл шаруашылығы министрі Ербол Қарашөкеев мәлімдеді.

«Қазіргі уақытта қант пен шикізат әлемдегі ең ірі өндірушілер болып саналатын – Бразилиядан, Үндістаннан жеткізіледі. Олардың өндіріс көлемі шамамен 800 млн тоннаны немесе әлемдік нарықтың шамамен 60%-ын құрайды. Бразилиядан қант пен шикізат импорты Қара теңіздегі Грузия порттары арқылы жүзеге асырылады. Грузия порттарының өткізу қабілетінің шектеулілігі, инфрақұрылым мен көлік кемелерінің жеткіліксіздігі кептеліске әкеліп отыр. Үндістаннан қант импорты кезінде Хайратон-Ауған шекара өткелінде жүктердің тоқтап тұратыны байқалады, бұл тауарларды ресімдеу мен тиеу рәсімдерінің созылуына әкеледі. Осылайша, бұрын орныққан барлық логистикалық байланыстар бұзылған, бұл логистиканың және Қазақстанға қант пен шикізатты жеткізу мерзімдерінің ұзаруына әкеп соқты», — дейді министр.

Оның айтуынша, осылайша, қант шикізаты құнының, көлік шығындарының, сондай-ақ өңдеу шығындарының қымбаттауы байқалады.

Мысалы, қант құрағының құны шамамен 476 доллар болса, бұл 2020 жылмен салыстырғанда 2 есе көп. Логистика шығындары 110 АҚШ долларынан 290 АҚШ долларына дейін 2,6 есе өсті. Аталған фактілер отандық қант зауыттарында құрақ қантының өзіндік құнының қымбаттауына алып келді.

«Бүгінгі таңда зауыттар 1 килограмм қантты 450 теңгеге сатады. Бұл ретте 15% көтерме және бөлшек сауда үстемелерін ескере отырып, қант құны келісіне шамамен 595-600 теңгені құрауы қажет. Бұл ретте бағаларды тұрақтандыру жөніндегі шаралар шеңберінде өңірлердің тұрақтандыру қорлары қантты төмен бағамен сатуды жүзеге асырады. Бұл дүрбелең мен үлкен сұранысқа әкеледі. Жекелеген әкімдіктер қантты өзіндік құнынан төмен бағамен сатуы да орын алған. Мысалы, Павлодар облысы тұрақтандыру қоры қантты 448 теңгеге сатып алып, 416 теңгеге, ал Қызылорда облысы 450 теңгеге сатып алып, 370 теңгеден қант сатқан. Алматы облысы қантты 276 тг/кг, Ақтөбе облысы 363 тг/кг, Маңғыстау облысы 400 тг/кг сатқан. Әкімдіктер тарапынан осы іс-әрекеттер дүрлікпе сұраныс пен әлеуметтік шиеленістің туындауына әкеп соқты», — дейді АШМ министрі.

 

Другие новости

Back to top button