Павлодарская область

Дәрігерлер бір ай бұрын 10-қабаттан секіріп кеткен қыздың жағдайы туралы айтты

Зорлыққа ұшыраған жасөпірімнің жағдайы әлі жақсармағаны белгілі болды

Павлодар облыстық балалар ауруханасының дәрігерлері 16 жастағы Ксенияның өмірі үшін бір айдан астам уақыттан бері күресіп жатыр. Алайда әлі күнге дейін жансақтау бөлімінде жатқан жасөспірімнің жағдайы жақсарған жоқ, деп хабарлайды Azattyq Ruhy.

Жергілікті Оbozrenie.kz порталының хабарлауынша, жасөспірімға бұған дейін іш қуысына бірнеше күрделі ота жасалған. Соңғы ота 7 қыркүйекте жасалған екен. Дәрігерлер қанша күш салғанымен, науқастың жағдайы жақсармай отыр.

«Қыз балада бас сүйек-ми жарақаты, омыртқа және басқа да сүйектердің көптеген сынығы, сондай ауыр зардапқа әкеп соққан іштің соққы жарақаты болды. Қазіргі жағдайы әлі де алаңдатады», — деді облыстық денсаулық сақтау басқармасының өкілдері.

Дәрігерлер Ксенияның жағдайы ауыр екенін, бүгінде науқас жансақтау бөлімінде жатқанын жеткізді.

Бүгінде жергілікті дәрігерлер Ана мен бала ұлттық ғылыми орталығы мен Нұр-Сұлтан нейрохирургия орталығының республикалық мамандарымен байланыс жасап отыр. Емдеу тактикасы елордалық мамандармен келісілген.

Еске салайық, Павлодар қаласының 16 жастағы тұрғынын танысы азғырып, пәтерге кіргізіп алған соң үш жігіт жабылып зорлық-зомбылыққа жасаған. Қорлыққа шыдамаған жас қыз сол күні кешке 10-қабаттың терезесінен секіріп кеткен. Полицейлер үш күдіктіні де тұтқындап, тергеу жүргізіп жатыр.

 

Другие новости

Back to top button