Госорганы

Кентауда есірткіні жарнамалайтын 60 граффити анықталып, барлығы өшірілді

Кентауда Түркістан облысының полиция қызметкерлері рейд барысында есірткіні жарнамалайтын 60 граффити анықтап, оларды толықтай жойды. Анықталған жазулар тұрғындар мен қоғамдық тәртіпке қауіп төндіретін деп бағаланды.

Граффитилер тұрғын үйлердің, гараждардың және қараусыз қалған ғимараттардың қабырғаларынан табылды. Кентау қалалық полиция бөлімінің қызметкерлері барлық жазуларды өшіріп, қосымша тексерулер өткізді.

Полиция бұл жазулардың есірткі саудасын жасырын жарнамалау құралы болуы мүмкін екенін атап өтті. Терріп сақшылары жою жұмыстарымен қатар тұрғындарға есірткі қылмысының зияны мен заңсыз әрекеттердің жауапкершілігі туралы түсіндіру жұмыстарын жүргізуде және профилактика шараларын әрі қарай жалғастырады.

gov.kz

Другие новости

Back to top button