Госорганы

Қатты пайдалы қазбаларды барлауға лицензия алу: 3 922 блокқа өтініш қабылдау басталды

Қазақстан Республикасының Өнеркәсіп және құрылыс министрлігі хабарлайды: 2026 жылғы 6 қарашадан бастап жаңадан босаған 3 922 блок бойынша қатты пайдалы қазбаларды барлауға лицензияға өтініштер қабылданады.

Өтініштер Жер қойнауын пайдаланудың бірыңғай платформасы https://minerals.e-qazyna.kz/ арқылы қабылданады. Платформа ашылған күннен бастап өтініштерді беру үшін 15 жұмыс күні беріледі.

Бұл іс-шара «Жер қойнауы және жер қойнауын пайдалану туралы» Қазақстан Республикасы Кодексінің 189-1-бабына сәйкес жүзеге асырылады.

gov.kz

Другие новости

Back to top button