Госорганы

Түркістан облысында 4 тоннаға жуық қоқыс төккен бес тұрғын әкімшілік жауапқа тартылды

Түркістан облысында «Таза Қазақстан» республикалық экологиялық жобасы аясында өткізілген рейд барысында Созақ ауданында арнайы белгіленбеген орындарға 4 тоннаға жуық тұрмыстық қалдық тастаған бес тұрғын анықталып, әкімшілік жауапқа тартылды.

Полиция қызметкерлері құқық бұзушылықтарды тіркеп, тұрғындарға тазалық талаптарын сақтау қажеттігін түсіндірді және ұйғырылған тәртіпте әкімшілік шаралар қолданылды. Қылмыс жасағандардың әрқайсысына қоқыс төгілген аумақтарды өз күштерімен тазалап, қалдықтарды белгіленген жерлерге шығару міндеттелді.

Полиция азаматтарға көшелер мен қоғамдық орындарды, тұрғын үйлер айналасын ластамауға, тұрмыстық және құрылыс қалдықтарын тек арнайы белгіленген орындарға әкеліп тастауға шақырады.

gov.kz

Другие новости

Back to top button