Әрдайым қол астында: цифрлық гигиена ДК қарағанда смартфонда жиі жүргізіледі

Сарапшылардың айтуынша, цифрлық қауіпсіздікке осылай таңдамалы түрде қарау киберқауіптерге тап болу қаупін арттырады.
Пайдаланушылардың цифрлық әдеттері құрылғы түріне қарай ерекшеленеді. «Касперский зертханасының»* жаһандық сауалнамасына сәйкес, адамдар компьютерге қарағанда смартфонның цифрлық гигиенасы мен қауіпсіздігіне көбірек көңіл бөледі. Бұл құрылғылардың әртүрлі мақсатта қолданылуымен байланысты. Сарапшылардың айтуынша, цифрлық қауіпсіздікке осылайша таңдап қарау киберқауіптерге тап болу тәуекелін арттырады.
Цифрлық гигиена. Пайдаланушылар, әдетте, смартфондарының жағдайын компьютерлеріне қарағанда мұқият қадағалайды. Сауалнамаға қатысқандардың 77%-ы телефонының операциялық жүйесі мен қосымшаларын үнемі жаңартып отыратынын айтқан. Компьютерлерінде бұл көрсеткіш — 53%. Артық фотосуреттер мен бейнелерді жүйелі түрде қарап, өшіріп отыратындар смартфонда — 72%, ал компьютерде — 49%. Пайдаланылмайтын бағдарламаларды өшіретіндер сәйкесінше 73% және 47%-ды құрайды. «Касперский зертханасының» сарапшылары компьютердегі цифрлық тәртіпке де тұрақты түрде көңіл бөлу қажет екенін атап өтеді. Бұл құрылғының баяу жұмыс істеуінің алдын алуға және маңызды ақпараттың таралып кету қаупін азайтуға көмектеседі.
Құрылғылардың қауіпсіздігі. Киберқауіпсіздіктің негізгі шаралары цифрлық гигиена ережелеріне қарағанда сирек сақталады. Бұл ретте құрылғы түрі айтарлықтай айырмашылық тудырмайды. Смартфондағы құпиясөздерін үнемі ауыстырып отыратын пайдаланушылардың үлесі — 33%, ал компьютерде — 31%. Маңызды деректердің резервтік көшірмесін жасайтындар тиісінше 29% және 28%. Қосымшаларға берілген рұқсаттар мен құпиялылық баптауларын тексеріп отыратындар смартфонда — 20%, компьютерде — 16%. Сарапшылар бұл қарапайым қауіпсіздік шараларын елемеуге болмайтынын атап көрсетеді. Олар жеке және қаржылық деректерді қорғауға, сондай-ақ ақпараттың алаяқтардың қолына түсу қаупін азайтуға көмектеседі.
Құрылғыларды пайдаланудың әртүрлі сценарийлері. Смартфондар мен компьютерлерге күтім жасаудағы айырмашылық құрылғылардың қандай мақсатта қолданылатынына байланысты. Смартфондар, ең алдымен, фото және бейне түсіру, қарым-қатынас жасау және түрлі контент көру үшін пайдаланылады. Сауалнамаға қатысқандардың жартысынан астамы (58%) мобильді құрылғыларды интернетке шығудың негізгі құралы ретінде қолданады. Сонымен қатар смартфондардың жады көлемі шектеулі болғандықтан, пайдаланушылар оларды қажетсіз файлдар мен бағдарламалардан жиі тазартып отырады. Алайда компьютерлер де маңызды міндеттерді атқарады. Көптеген адамдар үшін компьютер — жұмыс істеудің негізгі құралы. Сонымен қатар 61 жастан асқан адамдардың едәуір бөлігі (58%) интернетке шығу үшін компьютерді негізгі құрылғы ретінде пайдаланады.
«Бүгінде компьютер немесе смартфон болсын, кез келген құрылғыда жеке деректердің үлкен көлемі сақталады. Олардың қатарында құпиясөздер, фотосуреттер, хат-хабарлар, жұмыс құжаттары, банк карталарының деректері және басқа да маңызды ақпарат бар. Мұның барлығы алаяқтар үшін қызығушылық тудыратын нысан. Цифрлық гигиенаның негізгі ережелерін елемеу деректердің таралып кету қаупін айтарлықтай арттырады. Өкінішке қарай, мұндай жағдай жиі кездеседі. Мысалы, пайдаланушылардың шамамен 40%-ы ғана өз құрылғыларын үнемі тазалап отырады. Сондықтан пайдаланылмайтын аккаунттарды өшіруді, резервтік көшірмелер жасауды және қосымшалардың құрылғы деректеріне берген рұқсаттарын тексеруді ұмытпаңыздар. Ал „Касперский зертханасы“ сияқты қорғаныс шешімдері смартфондар мен компьютерлердегі осындай тексерулерді автоматтандыруға, оларды тұрақты түрде жүргізуге және ықтимал деректердің таралу жағдайларын анықтауға көмектеседі», — дейді «Касперский зертханасының» тұтынушылық бизнес департаментінің директоры Марина Титова.
Цифрлық кеңістіктегі қауіптерді азайту үшін «Касперский зертханасы» пайдаланушыларға мынадай ұсыныстар береді:
- айына немесе тоқсанына бір рет құрылғылар мен аккаунттардағы жаңартуларды тексеріп, құпиясөздерді ауыстырып, қажетсіз файлдарды өшіріп отыру. Бұл әрекеттерді ұмытпау үшін күнтізбеде автоматты еске салғыштарды орнатуға болады;
- пайдаланылмайтын ескі аккаунттарды, сондай-ақ оларға байланыстырылған банк карталарының деректерін үнемі тексеріп, қажет болса өшіру. Логиндер мен құпиясөздерді, сондай-ақ төлем ақпаратын ұмытпау әрі қауіпсіз сақтау үшін Kaspersky Password Manager сияқты арнайы құпиясөз менеджерлерін пайдалануға болады. Онда тіркелгі деректерін ғана емес, төлқұжаттың скан-нұсқасы, жұмыс файлдары, мекенжайлар мен жазбалар сияқты маңызды құжаттарды да шифрланған түрде қауіпсіз сақтауға болады;
- маңызды файлдардың резервтік көшірмесін жасауды баптау. Мысалы, бұл үшін Windows операциялық жүйесі бар құрылғылардан деректерді қалпына келтіру функциясы бар Kaspersky Premium шешімін пайдалануға болады. Резервтік көшірмелерді шифрланған түрде сыртқы тасымалдағыштарда немесе бұлтты сақтау қоймасында сақтаған жөн. Сонымен қатар бұл шешім құрылғыларды зиянды бағдарламалардан қорғауға және құпия деректердің қауіпсіздігін қамтамасыз етуге көмектеседі;
- киберқауіпсіздік саласындағы білім деңгейін арттыру. Мысалы, киберқауіптер туралы соңғы жаңалықтарды Kaspersky блогы Daily сайтынан «білуге болады.
* «Цифрлық өмір: трендтер, тәуекелдер, мүмкіндіктер» атты сауалнаманы «Касперский зертханасының» ішкі зерттеу орталығы 2026 жылғы наурызда жүргізді. Зерттеуге 18 елден, соның ішінде Ресейден, 7200 респондент қатысты.


