Бизнес

Теңіз бизнестің дамуына және жаңа жұмыс орындарының ашылуына қалай ықпал етіп жатыр

Ірі мұнай-газ жобалары – бұл тек мұнай өндіру ғана емес, сонымен қатар жаңа жұмыс орындары, инвестициялар және отандық өндірістің дамуы. Осы бағыттағы негізгі қозғаушы күштердің бірі – «Теңізшевройл» ЖШС (ТШО).

1993 жылдан 2025 жылға дейін компанияның Қазақстан Республикасына тікелей қаржылық төлемдері шамамен 212 млрд АҚШ долларын құрады. Тек 2025 жылдың өзінде ТШО қазақстандық компаниялардан 1,8 млрд АҚШ долларына жуық сомаға тауарлар, жұмыстар мен қызметтер сатып алып, жергілікті бизнестің дамуына қолдау көрсетті.

Бүгінде компания жергілікті өндірісті дамытуға басымдық беріп отыр. Қазақстанда бекіту арматурасын, бақылау-өлшеу аспаптарын, электр жабдықтарын және басқа да ондаған өнім түрін шығару жоспарланған. Соңғы екі жылда ТШО 13 отандық өндіруші және қызмет көрсетуші компаниямен келісімшарт жасасты.

Бұл бағыттағы маңызды серіктестердің бірі – Мұнай-газ машина жасауды дамыту халықаралық орталығы (IMBC). Орталықтың бас директоры Дастан Әбішевтің айтуынша, «өндіруші бірнеше ірі мұнай-газ операторының жиынтық сұранысы туралы ақпаратқа қол жеткізіп, сериялық өндірісті жоспарлауға, өзіндік құнын төмендетуге және рентабельділікті арттыруға мүмкіндік алады».

IMBC құрылғаннан бері мамандар 300-ден астам қазақстандық кәсіпорынды зерделеп, олардың 90-ға жуығы ірі мұнай-газ операторларының жеткізушілері қатарына енді. Бүгінде Теңіз, Қашаған және Қарашығанақ кен орындары үшін жергілікті өндірісті дамытуға бағытталған 10 жоба жүзеге асырылып, 20 млрд теңге инвестиция тартылып, 360-тан астам жаңа жұмыс орны құрылды.

Другие новости

Back to top button