Бизнес

Coca-Cola Belesteri 2026 жылғы маусымын бастайды: ашылуы — 15 маусым, әйелдер мен жастарға арналған 1 миллион теңгеден 10 грант

15 маусым мен 28 желтоқсан аралығында қазақстандықтар бизнес негіздерін тегін оқып, жасанды интеллект бойынша курстан өтіп, өз ісін бастауға арналған грантты ұтып алу мүмкіндігіне ие болады

Coca-Cola Belesteri әлеуметтік жобасы өзінің 14-маусымының басталғанын жариялайды. Өтінімдерді қабылдау 2026 жылғы 15 маусым мен 28 желтоқсан аралығында жүргізіледі.

Маусымның басты жаңалығы — Бизнес-идеялар байқауының басталуы, әйелдер мен 30 жасқа дейінгі жастар арасынан іріктелген 10 жеңімпаз өздерінің алғаш бизнесін ашуға немесе дамытуға 1 миллион теңге көлеміндегі грантқа ие болады. Көптеген қатысушылар үшін бұл кәсіпкерлік жолындағы алғашқы қаржылық қолдау болмақ.

CCB білім беру бастамасы https://ccb.kz/ цифрлық инновациялық платформасына негізделеді, ол кәсіпкерлік негіздерін онлайн оқытудан бастап, грант алу мүмкіндігі бар үздік Бизнес-идеялар байқауына қатысуға дейінгі «өсу баспалдақтары» жүйесін ұсынады. Жоба өткен жылдары оқудан өткен қатысушыларға бизнес-акселерация бағдарламалары мен ақпараттық материалдар арқылы қолдау көрсетеді. Сонымен қатар, жоба сайтының маркетплейсі Қазақстан өңірлерінен жергілікті серіктестер табуға мүмкіндік береді.

«Coca-Cola Belesteri жобасының 14 жылы көрсеткендей, сенімді серіктестің қолдауы болған жағдайда, білім нақты жұмыс істейтін бизнеске айналады. 2026 маусымындағы басты басымдық — технологиялар мен нақты қолдау көрсетілуінде. Жасанды интеллект бойынша курс пен 1 миллион теңгелік грант — сенімді бастау мен өсу құралы», — деп атап өтті жоба ұйымдастырушысы, «Әлеуметтік динамика» қоғамдық қорының директоры Елена Ожго.

2025 жылы жобаның білім қоры қазақ және орыс тілдеріндегі жаңа бейнесабақтар сериясымен кеңейтілді. CCB білім беру экожүйесі тәжірибелік қолдану мен қолжетімділік қағидаттарына негізделген. Контент өзектілігін сақтау мақсатында жоба оқу материалдарын тұрақты түрде жаңартып отыратын жетекші салалық сарапшыларды тартады.

2026 жылғы білім беру маусымының жаңалығы: барлық қатысушыларға «Шағын бизнеске арналған жасанды интеллект» курсы шектеусіз түрде қолжетімді болады. Тәжірибе барысында нейрожелілерді маркетингте, контент жасауда, сатылымда және күнделікті жұмысты автоматтандыруда қалай қолдану керектігі қарастырылады.

1 миллион теңгелік грантты қалай алуға болады:

  1. Әйелдерге арналған Business Qumyz бағдарламасының немесе 30 жасқа дейінгі жастарға арналған Business Orken бағдарламасының оқу курсынан өту қажет.
  2. Бағдарлама соңында қорытынды сертификат алу қажет.
  3. 28 желтоқсанға дейін бизнес-идеяңызды байқауға өткізу қажет. Ең үздік 10 жобаны сарапшылар іріктейді.

«Кока-Кола Қазақстан Belesteri жобасын қолдайды, себебі әйелдер мен жастар кәсіпкерлігінің күшіне сенеді. Бұл — елдің тұрақты дамуына салынған инвестициялар. Біз жыл сайын көптеген қатысушының білім алып қана қоймай, өз идеяларын жүзеге асыруға арналған бастапқы капиталға ие болатынына қуаныштымыз», — деп атап өтті Coca-Cola компаниясының Орталық Азия және Кавказ өңіріндегі үкіметпен байланыс, коммуникациялар және орнықты даму жөніндегі аға директоры Александра Аккирман.

Өтінішті https://ccb.kz/ сайты арқылы беруге болады.

Өтінімдерді қабылдау кезеңі: 2026 жылғы 15 маусым мен 28 желтоқсан аралығы.

 

Coca-Cola Belesteri жобасы туралы 

Coca-Cola Belesteri — Қазақстандағы халықтың экономикалық мүмкіндіктерін арттыруға бағытталған ең танымал әрі тұрақты әлеуметтік жоба. Ол тегін оқыту және грант алу мүмкіндігін ұсынып, шағын бизнесті дамытуға әрі экономикалық белсенділікті арттыруға көмектеседі. Бұл өңірлердегі кедейлікті азайтып, адамдарға өз күшіне сенуіне мүмкіндік береді.

2012 жылдан бері «Кока-Кола Қазақстан» ЖШС қолдауымен «Әлеуметтік динамика» қоғамдық қоры әйелдер мен жастар арасында кәсіпкерлікті дамытуға арналған экожүйені қалыптастырды. 2012–2025 жылдар аралығында жоба аясында 157 мыңнан астам әйел кәсіпкерлік негіздеріне оқытылды, 178 грант берілді, сондай-ақ жоба қатысушылары 13 300-ден астам жұмыс орнын ашты.   

Бағдарламаның тиімділігі қатысушылар өміріндегі сапалық өзгерістермен расталады — сауалнама нәтижесіне сәйкес түлектердің 13%-і бизнесті жаңадан ашқан, 15%-ы қолданыстағы кәсіптерін кеңейтіп, алған білім мен қолдау арқасында табысын арттырған.

2025 жылы кәсіпкерлік бастамалардың өсуі тіркелді. Жоба тарихындағы Бизнес-идеялар байқауына түскен барлық өтінімдердің ішінде 21%-дан астамы дәл осы кезеңде берілген. Бұл әр 5 бизнес-идеяның біреуі дәл 2025 жылғы қатысушылар тарапынан ұсынылғанын білдіреді.

 

Другие новости

Back to top button