23 жоғары оқу орны, мыңдаған студент және 60 тоннадан астам пластик: Астанада «ReStart» жобасының мерейтойлық маусымы қорытындыланды

Астана, 2026 жылғы 4 маусым — елордада Қазақстандағы студенттер арасындағы ең ірі экологиялықбастамалардың бірі болып саналатын «ReStart» экологиялықжобасының 10-шы мерейтойлық маусымының финалы өтті, бұл жоба тұрақты даму мен экологиялық мәдениетидеялары төңірегінде жастарды, жоғары оқу орындарын, экологиялық ұйымдарды, мемлекеттік құрылымдар мен бизнесті біріктіреді.
Осыдан он жыл бұрын «3.2.1 Start!» атауымен белгіліболған жоба бүгінде Қазақстандағы ең ауқымды студенттікэкологиялық қозғалыстардың біріне айналды. Осы уақытішінде еліміздің жоғары оқу орындарында эко-клубтарқұрылып, қалдықтарды бөлек жинау жүйелері енгізілді, экологиялық білім беру науқандары мен пластикті қайтаөңдеуге бағытталған жергілікті жобалар жүзеге асырылды. Бастапқыда идея мен арман ретінде туындаған көптегенбастамалар бүгінде тұрақты әлеуметтік жобалар ретіндежұмыс істеп келеді.
Мерейтойлық маусым жоба үшін жаңа даму кезеңіне айналды. 2025 жылы бастама жаңартылған «ReStart» атауына ие болып, Қазақстанның одан да көп студенттерімен университеттерін экологиялық мәдениет пен тұрақтыәдеттерді қалыптастыруға тартуға бағытталған кеңейтілгенмиссияны қабылдады.
2026 жылы жобаға еліміздің 10 өңірінен 23 жоғары оқуорны қатысты. Маусым барысында студенттер экологиялықбастамаларды жүзеге асырып, білім беру іс-шаралары, сенбіліктер, қалдықтарды бөлек жинау акциялары мен пластикті қайта өңдеу жобаларын өткізді. Жиналғанпластиктің жалпы көлемі 60 тоннадан асты.
Финалдың алғашқы күні командалар байқаукомиссиясына өз жұмыстарының нәтижелерін таныстырып, қалдықтарды бөлек жинау жүйелерін енгізу, студенттік эко-клубтарды дамыту, экологиялық акциялар мен сенбіліктерөткізу, сондай-ақ пластикті қайта өңдеу бойынша жекебастамалары туралы баяндады.
Биыл ұйымдастырушылар жиналған пластик көлемінеғана емес, сондай-ақ университеттердегі экологиялықшешімдердің жүйелі түрде енгізілуіне де ерекше назар аударды. Қатысушылар бірнеше бағыт бойынша бағаланды: экологиялық әсер, студенттердің қатысу деңгейі, білім беруқызметі, медиа белсенділік, инновациялық тәсілдер жәнежобалардың байқаудан кейінгі тұрақтылығы.
Финалдың екінші күні Қазақстан РеспубликасыПарламенті Мәжілісінің депутаттары, бейінді министрлікөкілдері, БҰҰ Даму бағдарламасының мамандары, экологиялық ұйымдар, сарапшылар қауымдастығы мен бизнес өкілдерінің қатысуымен панельдік сессиялар өтті.

«Дәл осы ReStart бұл үдерісті іске қосады, және ертеңосы 200 000 адам шенеунік, депутат, кәсіпкер, қоғамқайраткері болады. Еліміздің күн тәртібін дәл осы кісілерқалыптастыратын болады. Осы жобаға қатысы бар барлықадамдарға, барлық ұйымдастырушыларға осындай орасанжұмыс атқарғаны үшін алғысымды білдіремін. Бұлшынымен де өте ауқымды жұмыс», – деп пікір білдірдіҒылым және жоғары білім министрінің жастар саясатымәселелері жөніндегі кеңесшісі Тоқтар Болысов.
«Экология және корпоративтік әлеуметтікжауапкершілік саласындағы үздік тәжірибелер» аттыпанельдік сессияда CCI Kazakhstan компаниясыныңкорпоративтік коммуникациялар және тұрақты дамужөніндегі жетекшісі Алина Абилева сөз сөйлеп, компанияның экологиялық бастамалары мен бизнестіңтұрақты шешімдерді дамытуға қосып жатқан үлесі туралыайтты.
«Біз үшін экологиялық бастамалардың бір реттікакциялармен шектелмеуі маңызды. Бұл жобауниверситеттерге инфрақұрылымды, білім беру бағдарламаларын және студенттердің тұрақты даму бойынша күн тәртібіне белсенді қатысуын қамтитын толыққанды жүйе құруға көмектеседі», — деп атап өттіАлина Абилева.
Сонымен қатар сессия аясында «Жасыл экономиканы қолдау және G-Global-ды дамыту үшін коалиция» заңды тұлғалар бірлестігінің басқарма төрайымы Алия Рахимбекова «ReStart» экологиялық жобасының 10-маусымының қорытындыларын ұсынған баяндама жасады.
«Бүгінде ReStart – бұл тек университеттер арасындағы байқау ғана емес. Бұл студенттер нақты экологиялық шешімдер әзірлеуді үйренетін алаң, ал ол шешімдер жоба аяқталғаннан кейін де өз жұмысын жалғастырады», — деп атап өтті Әлия Рахымбекова.
Спикерлер студенттердің экологиялық күн тәртібіне деген көзқарасының өзгеруіне ерекше назар аударды. Егер бұрын экологиялық жобалар негізінен волонтерлік бастама ретінде қабылданса, бүгін университет командалары пластикті қайта өңдеуден бастап кампустар ішінде тұрақты инфрақұрылым қалыптастыруға дейін әлдеқайда жүйелі әрі практикалық шешімдер ұсынып отыр.
Ұйымдастырушылардың айтуынша, жоба өңірлерде одан әрі кеңейіп, білім беру, жастар бастамалары және мемлекет, бизнес пен азаматтық қоғам арасындағы серіктестік арқылы экологиялық мәдениетті дамытуға бағытталған кең ауқымды стратегияның бір бөлігіне айналады.
ReStart жобасын CCI Kazakhstan компаниясының қолдауымен «Жасыл экономиканы қолдау және G-Global-ды дамыту үшін коалиция» ЗТБ іске асырады. Маусым басында еліміздегі жоғары оқу орындарында экологиялық бастамаларды дамыту мақсатында Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрлігі, CCI Kazakhstan және Коалиция арасында үшжақты Іс-шаралар жоспарына қол қойылған.
Мерейтойлық маусымның финалы Л. Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінің қолдауымен өтті.
«ReStart» жобасының мерейтойлық маусымының жеңімпаздары салтанатты марапаттау рәсіміндежарияланды. Бас жүлде – құны 5 миллион теңге болатын жабдық Кызылордадағы Қорқыт Ата атындағы университетке берілді. Ең белсенді кураторлар да ұйымдастырушылар тарапынан 200 мыңнан 500 мың теңгеге дейінгі сыйақыға ие болды.




