Yandex Қазақстан қолданушыларының туыстарынаалаяқтар қоңырау шалса бірден ескертеді

Yandex-тің нөмір анықтағыш қызметі телефон алаяқтарына қарсы қорғанысты күшейтті: ендіҚазақстандағы пайдаланушылар жақындары күмәндінөмірден қоңырау қабылдаса немесе өздері сондайнөмірге хабарласса, бұл туралы хабарлама ала алады. Бұләсіресе балалар мен егде жастағы туыстарды алаяқтардыңарбауынан қорғауға көмектеседі.
Қызмет белгісіз нөмірлерді тек қоңырау кезінде ғана емес, одан кейінгі бір тәулік ішінде де талдайды. Егер осы уақыт аралығында нөмір алаяқтық ретінде танылса, пайдаланушы бірден хабарлама алады. Мысалы, әжесінеалаяқтар хабарласқаны туралы. Бұл алаяқтардыңықпалына түсу қаупін азайтып, қатерге жедел әрекет етугемүмкіндік береді.
Қазір сенімді тұлғалар тізімін баптау және басқаруAndroid құрылғыларында қолжетімді. Нөміранықтағыштан келетін хабарламаларды бірнеше тәсілменалуға болады: «Яндекс Алимен» қосымшасы мен «Яндекс Браузердегі» push-хабарламалар, сондай-ақ SMS немесемессенджерлер арқылы. Пайдаланушы өзіне ыңғайлы бірнемесе бірнеше тәсілді таңдай алады.
Туыстарына қатысты күмәнді қоңыраулар туралыескертулерді кез келген пайдаланушы қабылдай алады. Ол үшін, мысалы, бала немесе егде жастағы туыс нөміранықтағыштың баптауларын ашып, хабарлама алатынадамды сенімді тұлғалар қатарына қосып, хабар жеткізуарналарының бірін таңдауы қажет. Ал хабарламанықабылдайтын пайдаланушы өз кезегінде тиісті арналардаоны алуға келісім беруі тиіс.

Нөмір анықтағышқа ең көбі үш сенімді тұлғаны қосуғаболады. Осылайша, бір адам үш жақынын тіркей алады, ал басқалары да өз кезегінде тағы үшеуден қосып, нәтижесінде бүкіл отбасыны қорғау мүмкіндігі пайдаболады. Жаңа мүмкіндік қазірдің өзінде Androidжүйесіндегі «Яндекс Браузер» мен «Яндекс АлисаменAI» қосымшасында қолжетімді.



