Coca-Cola цифрлық Сантасы мен мерекелік белсендірулері бар жаңартылған Жаңа жыл керуенін іске қосады

Coca-Cola мерекелік маусымның басты символы – дәстүрлі Жаңа жыл керуенін жолға шығарып, қалаларға ғажайыпқа деген сенім мен мерекелік көңіл күй сыйлайды. 25–30 желтоқсан аралығында мерекелік жүк көліктері Алматы, Астана, Шымкент және Ақтөбе қалаларынан өтіп, адамдарды біріктіріп, қарапайым жақсылық сәттерінің сиқырын еске салады.
Биылғы Керуен жаңартылған концепциясымен және қонақтарға арналған жаңа мүмкіндіктерімен ерекшеленеді. Биыл жобаға стратегиялық серіктес Allur қосылып, extrazone қосымшасында өтетін мерекелік ұтыс ойынына арналған сыйлық автокөліктерді ұсынды. Бұл автомобильдер мерекелік кортеждің бір бөлігіне айналып, барлық қалаларда брендтелген трактардың бірінде бірге жүреді.
Алматы мен Астанадағы бас трактар LED-экрандармен жабдықталып, онда жаңа жыл маусымына арнайы жасалған цифрлық Санта көрсетіледі. Бұл кейіпкер Керуеннің басты визуалды элементіне айналып, дәстүр мен заманауи технологиялардың үйлесімін айқындайды.
Алматы дәстүр бойынша маршруттың негізгі аялдамасы болады. Dostyk Plaza СОО алдындағы алаңда жаңа жылдық ауыл жұмыс істейді: тақырыптық фотоаймақтар, сэмплинг аймағы, сыйлық орау станциясы және бүкіл отбасыға арналған мини-ойындар ұйымдастырылады. Сонымен қатар Алматыда, сондай-ақ Астана, Шымкент және Ақтөбеде орталық локацияларда әйгілі Coca-Cola жаңа жылдық бөтелкелерінен жасалған инсталляциялар мен сусындарды дегустациялау аймақтары орнатылады.
«Жаңа жыл керуені – Coca-Cola компаниясының ең жылы әрі танымал дәстүрлерінің бірі және біз бұл дәстүрді мақтанышпен жалғастырып келеміз. Жыл сайын адамдарға мереке сезімін сыйлап, шабыттандыратын жаңа мүмкіндіктер ашуға, отбасылар мен достарды біріктіруге ұмтыламыз. Қазақстан қалаларына қайтадан Жаңа жыл қуанышын әкеліп, желтоқсанды шынымен ерекше етуге қуаныштымыз», – дейді Coca-Cola өкілдері.
Төрт қала тұрғындары Керуен қозғалысын 2GIS қосымшасындағы «Картадағы достар» функциясы арқылы нақты уақытта бақылай алады: қолданбада Coca-Cola аккаунтын «Достар» тізіміне қосу жеткілікті. Әр қалаға арналған шақыру сілтемелері Coca-Cola-ның ресми аккаунтының профиль тақырыбында орналастырылады.
Coca-Cola Жаңа жылдық керуені – мерекені өзімен бірге ала келетін жоба. Оны өз қалаңызда қарсы алып, әлемге талай жылдан бері бренд сыйлап келе жатқан сиқыр мен қуанышты бірге бөлісіңіз.



