Главное

Тоқаев: Ауыл баласы мен қала баласы бірдей білім алуы керек

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев қала мен ауыл мектебіндегі білім беру деңгейін теңестіруді тапсырды, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

«Баланың бәрі – бірдей. Ауыл баласы мен қала баласының білім алу мүмкіндігі де бірдей болуы керек. «Келешек мектептері» жобасының негізгі мақсаты да – осы», — деді ол ұстаздардың Республикалық тамыз конференциясында.

Айтуынша, соңғы төрт жылда 4 мыңнан астам ауыл мектебінің материалдық-техникалық қоры жаңғыртылған. Ауылдағы білім ошақтарына күрделі жөндеу жүргізіліп, жаңадан кітапханалар, асханалар мен спорт залдары салынып жатыр.

Президент бұл жұмыс алдағы уақытта да жалғасын табатынын атап өтті.

Другие новости

Back to top button