Главное

«Мамбичтер» мен «колхоздарды» жек көреміз»: Желіде тағы ұлтараздықты қоздырған Алматының тумасы даудың астында қалды

Қазақстандық Нұрбек Дінмұхаммед әлеуметтік желіде @bellissima_b атты қолданушының жариялаған жазбаларына қатысты алаңдаушылық білдіреді. Қыз өз парақшасында Қазақстан азаматтарын ұлты мен шыққан жеріне байланысты кемсітетін, оларды қорлайтын мазмұндар жариялаған. Осыған байланысты Нұрбек Дінмұхаммед бұл әрекеттерге құқықтық баға беріліп, тиісті шара қолданылуын сұрайды. Бұл туралы Stan.kzақпарат агенттігі хабарлайды.

Таяуда Алматыда ашылмақ болған «Ленина 36» дәмханасы әлеуметтік желіде дау тудырды. Қолданушылар оның атауын Кеңес Одағының негізін қалаушы Лениннің есімімен атауды халықтың тарихи қайғысына құрметсіздік деп бағалап, мекеменің жабылуын талап етті.

Кейбіреулер бұл атауды ностальгиялық немесе географиялық сілтеме деп қорғаса, өзгелері Лениннің идеологиясы қазақ халқына зұлмат әкелгенін айтып, мұндай атаудың моральдық және тарихи тұрғыдан орынсыз екенін алға тартты.

Осы мекеменің 2GIS платформасында @bellissima_b «Ескі атауларды жақсы көреміз. Алматылық жергілікті тұрғындарды жақсы көреміз. «Мамбичтер» мен «колхоздарды» жек көреміз. Өздеріңізді әшкерелеп қойдыңыздар» деп жазған.

«Бұдан бөлек «Титульная, бл*ть, она нация» деген сынды сөздер қолданып, этникалық және әлеуметтік араздықты тудырып отыр. Бұл жазбаларда қазақ ұлтына қатысты қорлау белгілері бар. Қоғамдық тәртіпке қауіп төндіретін сипатта жарияланған. Қылмыстық кодексінің 174-бабы (Әлеуметтік, ұлттық, рулық, нәсілдік, тектік-топтық немесе діни алауыздықты қоздыру) бойынша қылмыстық жауапкершілікке жатады деп санаймын», – депарызданған Нұрбек Дінмұхаммед.

Ал бұған жазба авторы Изабелла өз жазбасында көпшіліктің тарапынан көрсетілген агрессияның күннен күнге көбейіп жатқанын айтады.

«Кенеттен агрессияға толы топ пайда болып, түрлі қорқыту мен қысым көрсету әрекеттеріне барып жатыр. Егер кей адамдар айтылған ойды дұрыс түсінбей, өздерінің сауатсыздығы үшін маған ренжіп жатса, менің кінәм неде? Бұл тобыр психологиясының көрінісі. Ең алаңдатарлығы мұндай адамдардың көп болуы», – деп жазды ол.

Изабелла жазбасында әлеуметтік желідегі кейбір адамдардың агрессивті мінез-құлқына жауап беріп, оларды әйелдерге зорлық көрсететін шынайы қылмыскерлерді ұстауға шақырады.

«Танымалдылық дәл осындай жолмен келеді деп ойламаппын. Бірақ ойлана алатын адамдар үшін бір нәрсені түсіндіргім келеді. Бір қыз пост жазды, онда «қазақтар титулы бар ұлт, бұл біздің жеріміз» деп, тек қазақтар атынан сөйлеген. Бұл маған ұнамай қалды, себебі бұл жерде қазақтар ғана емес, басқа ұлт өкілдері де тұрады. Мен осы жерде туып-өскен, ата-анам, достарым мен олардың отбасылары осы елде өмір сүріп жатқан адам ретінде, бұл сөздерді дұрыс емес деп есептеймін. Бұл ұлтаралық араздықты қоздыру деп ойлаймын», – деп Изабелла артынша неліктен түсінбеушілік болғанын түсіндіруге тырысады.

Изабелла ұлтараздық алауыздықты қоздырдыФото: Изабелланың желідегі парақшасынан

Изабелла даудың қалай басталғанын түсіндіріп, бастапқы диалогты елемей, артынан қосылған көпшілік оның ұлты мен шыққан тегін білместен қорқытып, тіл тигізе бастағанын айтады. Сонымен қатар ол өзіне жазғандардың Қылмыстық бап бойынша жауапқа тартылады деп ескертті.

«Сіздердің осы қорлауларыңыз Қылмыстық кодексінің 131-бабына сәйкес тіркеліп жатыр. Бұл 200 айлық есептік көрсеткішке дейін айыппұл не 180 сағатқа дейін қоғамдық жұмыстар екенін атап өткім келеді. Фейк аккаунттан жазғаныңызға қарамайды, бәрібір жауапкершілік қарастырылған», — деп үндеу жасады Изабелла.

Еске салайық, бұған дейін қарағандылық кәсіпкер Алика Мұхамадиева әлеуметтік желіде қазақтарды «мамбеттер» деп атап, қазақ тілі мен мұсылмандарға қарсы қорлайтын пікірлер жазғаны үшін қоғамдық резонанс тудырды. Ол өз жазбаларында мемлекеттік тілді «полукалбитский диалог» деп келемеждеген. Мұндай пікірлер ұлтаралық араздық қоздыру ретінде бағаланып, Қылмыстық кодекстің 174-бабы бойынша тергеу басталды. Желі қолданушылары мен қоғам белсенділері бас прокуратураға арыз түсірген. Мұхамадиева кейін кешірім сұрағанымен, тергеу жалғасып жатыр.

Другие новости

Back to top button