Социум

Қазақстанда 5 жылдан кейін әрбір бесінші тауар онлайн сатып алынатын болады

Пәкістан Ислам Республикасында өткен «Электронды коммерция арқылы логистика мен бизнеске қол жеткізу» халықаралық саммитінде Қазақстан Республикасы Сауда және интеграция министрлігінің Электрондық және биржалық сауда департаментінің директоры Ғалия-Бану Мейірбаева Қазақстандағы цифрлық сауданың дамуы жөнінде баяндама жасап, осы саладағы жетістіктер мен алдағы жоспарларды ұсынды, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

Цифрлық шешімдер – экономиканы жаңғыртудың құралы

Қазақстан тарапы электрондық сауданы дамытуды стратегиялық басымдық ретінде таныстырды. Оның мынандай мүмкіндіктері бар:

  • Экономиканы жаңғырту;
  • Экспорттық әлеуетті кеңейту;
  • Өңірлік интеграцияны тереңдету.

Сонымен қатар, жасанды интеллект, виртуалды ассистенттер және басқа да цифрлық шешімдер сыртқы сауда операцияларын едәуір тиімді етіп, клиенттерге көрсетілетін қызмет сапасын арттыратыны атап өтілді.

E-commerce секторы 5 жылда 7 есе өсті

Соңғы бес жылда елімізде электрондық сауда көлемі 7 есеге өсіп, 3,2 трлн теңгеге жетті. Бұл – бөлшек сауданың жалпы көлемінің 14,1%-ы. Бұл көрсеткіш Қазақстанның цифрлық коммерцияны дамытуға деген әлеуетін айқын көрсетеді.

Әрбір бесінші сатып алу онлайн жүзеге асады

Ғалия-Бану Мейрбаеваның айтуынша, елімізде:

  • Жоғары цифрлық қолжетімділік бар;
  • Финтех-инфрақұрылым дамыған;
  • 8 миллионнан астам белсенді пайдаланушы, оның ішінде жастар көп.

Осы негізде Қазақстан алдағы 5 жылда барлық сатып алудың кемінде 20%-ы интернет арқылы жасалады деп болжап отыр.

Электрондық сауданы қолдау жоспары іске қосылды

2025 жылы наурызда электрондық сауданы дамыту жоспары бекітілді. Оның аясында мынандай жоспарлар бар:

  • Заңнаманы жетілдіру;
  • Халыққа арналған білім беру бастамаларын іске асыру;
  • Кәсіпкерлерге қаржылай қолдау көрсету;
  • Заманауи логистикалық инфрақұрылымды дамыту.

Тұтынушылардың құқығы мен әділ нарық – басты назарда

Саммитте тұтынушылардың құқықтарын қорғау және барлық нарық ойыншылары үшін тең жағдай жасау мәселелері ерекше аталып өтті.

Сондай-ақ, Қазақстанның мынандай халықаралық ұйымдар аясында трансшекаралық сауданы жеңілдетуге және цифрлық орта қалыптастыруға белсенді қатысып жатқаны айтылды:

  • ДСҰ;
  • БҰҰ;
  • ШЫҰ;
  • ЕАЭО.

2025 жылғы сәуірде ҚР Сауда және интеграция министрлігі мен Пәкістан Коммерция министрлігі арасында электрондық сауда саласында өзара түсіністік туралы меморандумға қол қойылды. Бұл құжат – екі ел арасындағы стратегиялық әріптестікті нығайтудың маңызды қадамы болды.

Орнықты және өзара байланысты сауда архитектурасы – ортақ мақсат

Қазақстан саммит аясында мынандай ниетін жеткізді:

  • Тәжірибе алмасу;
  • Ортақ шешімдер қабылдау;
  • Инклюзивті және өзара байланысқан өңірлік сауда жүйесін қалыптастыру.

Министрлік экономикалық өсімді, халықтың әл-ауқатын арттыруды, сондай-ақ технологиялық прогресс пен халықаралық серіктестікті нығайтуды басты ұстаным ретінде таныды.

Другие новости

Back to top button