Ақша
Қазақстанда мал өсіретін шаруаларға жеңілдікпен кредит беру бағдарламалары іске қосылады

Қазақстанда мал шаруашылығымен айналысатын шаруаларға жеңілдікпен кредит беру бойынша екі бағдарламаны іске қосу жоспарланып отыр, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.
Бірінші бағдарлама аясында асыл тұқымды ірі қара мен ұсақ мал басын сатып алуға 50 млрд теңге бөлінбек. Шаруалар жылдық 5 пайызбен несие алады.
«Мал шаруашылығының ет бағыты бойынша асыл тұқымды ІҚМ және ҰҚМ сатып алуға жеңілдетілген несиелеу бағдарламасы іске қосылады. Жылдық мөлшерлемесі 5%-дан аспайтын «ұзақ мерзімді» несиелер ұсынылады. Қаржыландыруға деген қажеттілік – 50 млрд теңге», — деді ауыл шаруашылығы министрі Айдарбек Сапаров Үкімет отырысында.
Ал екіншісі – айналым қаражатын қаржыландыру бағдарламасы.
«Сол көлемде – 50 млрд теңге – айналым қаражатын қаржыландыру бағдарламасы да іске қосылады. Жылдық мөлшерлеме 5%-дан аспайды», — дейді министр.