Ақша
2 шілдеге арналған доллар бағамы жарияланды

Қазақстан қор биржасындағы (KASE) күндізгі сауда қорытындысы бойынша доллардың орташа бағамы 518,37 теңгені құрап, алдыңғы күнмен салыстырғанда 0,84 теңгеге төмендеді, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.
Ұлттық банктің 2 шілдеге бекіткен ресми бағамы – 519,29 теңге.
Kurs.kz мәліметінше:
- Алматыдағы айырбастау пунктерінде долларды сатып алу – 518,89 теңге,
сату – 520,61 теңге. - Астанадағы айырбастау пунктерінде сатып алу – 516,66 теңге,
сату – 522,68 теңге.
Айта кетейік, бұған дейін 30 маусымдағы сауда қорытындысы бойынша доллар бағамы 0,69 теңгеге, ал 1 маусымда 0,44 теңгеге төмендеген болатын.