«Желкеме сөмкесін қойып тұрды»: автобуста орын бермеген жас жігітке әйел адам дөрекілік көрсетті (ВИДЕО)

Автобуста орын бермеген жігітке орта жастағы әйел айғайлап, шашынан тартып, жұлмалаған, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.
Видеоны павлодарлық пабликтердің бірі жариялады.
«Бүгін 44 автобуста отыр едім, бейтаныс әйел келіп, желкеме сөмкесін қоя салды. Мүмкін байқамай қалған болар деп ескерткен едім, «орын бермеген өзіңнен көр» деді. «Менен сыпайы ғана өтінсеңіз, орын беремін ғой» деп едім, маған айғайлап, жұлқылай жөнелді», — деп жазды видеоның авторы.
Жігіт амалсыздан видеоға түсіргенін айтты.
Желідегілер жігітке қолдау көрсетіп, әйелдің қылығын сынап жатыр.
«Әрине, үлкендер мен балаларға орын беру керек, өз баламды да соған үйретемін. Бірақ соңғы уақытта аға буын өкілдерінің жиі дөрекілік көрсететінін байқап жүрмін. Олар жастарды тәрбиесіз деп сөгеді, алайда, өкінішке қарай, әдепсіздік көбіне өздерінен байқалады», «менің жасым 61-де, ешқашан орын сұраған емеспін. Көбісі орын береді, баратын жерім алыс болмаса, рахметімді айтып, тұрамын. Бірақ бұлай талап ету дұрыс емес», — деп жазып жатыр олар.