Ақша
Қазақстанда доллар күн санап қымбаттап барады

Қазақстан қор биржасында (KASE) күндізгі сауда-саттық нәтижесі бойынша доллардың орташа бағамы 519,55 теңгені құрады. Бұл алдыңғы күнмен салыстырғанда 0,63 теңгеге жоғары, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.
Ұлттық банктің ресми бағамы – 518,81 теңге
Қазақстан Ұлттық банкінің 2025 жылғы 19 маусымға арналған ресми бағамы – 518,81 теңге.
Алматы мен Астанадағы айырбастау бағамы
Kurs.kz сайтының мәліметіне сәйкес, қазіргі уақытта:
Алматы қаласында:
- Сатып алу бағамы – 519,27 теңге;
- Сату бағамы – 521,15 теңге.
Астана қаласында:
- Сатып алу бағамы – 517,62 теңге;
- Сату бағамы – 523,64 теңге.
Соңғы күндердегі динамика:
- 16 маусымда орташа бағам 0,34 теңгеге өсті;
- 17 маусымда күрт өсіп, 4,85 теңгеге жоғарылады;
- 18 маусымда тағы да 1,13 теңгеге артты.