Бизнес

50$  МЛРД  АСТАМ ҚАРАЖАТТЫ ТШО ЖЕРГІЛІКТІ САТЫП АЛУҒА ЖӘНЕ ОТАНДЫҚ КОМПАНИЯЛАРДЫ ДАМЫТУҒА БАҒЫТТАДЫ

«Теңізшевройл» (ТШО) компаниясы өз қызметіндегі қазақстандық үлесті жүйелі түрде дамытуын жалғастыруда. Осы мақсаттарға 2025 жылдың бірінші тоқсанында компания шамамен 458 миллион АҚШ долларын жұмсады.

ЖЕТКІЗУШІЛЕРДІ ДАМЫТУ ЖӘНЕ ҚҰЗЫРЕТТЕРДІ АРТТЫРУ

«Теңізшевройл» (ТШО) қазақстандық бизнестің ірі мұнай-газ жобаларындағы үлесін арттыруға бағытталған ауқымды Жеткізушілерді дамыту бағдарламасын дәйекті түрде іске асырып келеді. Бұл бастама жергілікті өндірушілерді қолдап қана қоймай, оларға халықаралық деңгейге шығуға мүмкіндік береді. 1993 жылдан бері ТШО қазақстандық жеткізушілерден 50,9 миллиард АҚШ долларынан астам сомаға тауарлар мен қызметтер сатып алды.

Бағдарлама аясында қазақстандық компанияларды халықаралық сапа және қауіпсіздік стандарттарына (ISO, API және т.б.) сәйкес мұқият біліктілікке тексеру жүргізіледі. Бұл олардың бәсекеге қабілеттілігін тек жергілікті емес, сондай-ақ жаһандық нарықта да арттыруға мүмкіндік береді. Жаңа өндірушілер үшін сынақтық тапсырыстар орналастырылады — бұл олардың мүмкіндіктерін көрсетіп, ірі операторлармен ұзақ мерзімді әріптестік орнату үшін нақты мүмкіндік.

Сонымен қатар қаржылық және салықтық ынталандырулар қарастырылған: атап айтқанда, бірқатар операцияларға ҚҚС нөлдік мөлшерлемесі қолданылады, сондай-ақ жоғары кредиттік рейтингтері бар екінші деңгейлі банктердің («BBB» және одан жоғары — S&P және Fitch, «Baa2» — Moody’s) банк кепілдіктері қабылданады, бұл тендерлерге қатысудағы кедергілерді азайтады.

KC Tolerance механизмі жұмыс істейді, ол шетелдік баламасынан бағасы сәл жоғары болған жағдайдың өзінде де отандық жеткізушіні таңдауға мүмкіндік береді — белгілі бір шектерде. Бұл жергілікті бизнесті дамытуға басымдық береді және оны ынталандырады.

ТШО жеткізушілермен қарым-қатынасты ашықтық және әділдік қағидаттарына негіздеп құрады. Осы мақсатта әлеуетті іскер серіктестерді анықтауға және тартуға көмектесетін арнайы мүдделілік білдіру порталы (SEOI) қолданылады.

ИНДУСТРИЯЛЫҚ ЖОБАЛАР ЖӘНЕ МАШИНА ЖАСАУҒА ҚОСҚАН ҮЛЕС

Халықаралық мұнай-газ машина жасауын дамыту орталығының (IMB-орталық) құрылуы негізгі бастамалардың бірі болды. Бұл орталық 20-дан астам меморандумдар мен келісімдерге, сондай-ақ жабдық жеткізуге арналған шарттарға қол қоюды қамтамасыз етті.

2025 жылғы сәуірде ТШО қазақстандық өндірушілермен жалпы сомасы 10,5 миллион АҚШ долларынан асатын төрт жаңа шарт жасасты:

  • «AtyrauNefteMash» ЖШС — Клаус жану камерасын дайындау;
  • «Sewon-Vertex Heavy Industry» ЖШС — жанарғы бағанасын және тотығу колоннасын дайындау;
  • «Honeywell Automation Controls System» ЖШС — шкаф-кластер дайындау.

Бұл жабдық Теңіз кен орнының қауіпсіз әрі сенімді жұмысын қамтамасыз ету үшін арналған. Сондай-ақ компания Wika, Honeywell, Emerson сынды OEM-өндірушілердің өнімдерін жергіліктендіру бойынша белсенді жұмыс жүргізуде.

«Қазақстандық үлес – ел үшін стратегиялық мәселе, сондықтан біз жергілікті компаниялардың тауар жеткізуіндегі құндылығын одан әрі дамытуға ұмтыламыз. Осы 4 келісім-шарттың жасалуы Қазақстанның орасан өнеркәсіптік әлеуетін көрсетеді», — деп атап өтті ТШО бас директорының орынбасары Конилкош Суесинов.

ҚЫЗМЕТКЕРЛЕРДІ ЖЕРГІЛІКТЕНДІРУДЕГІ ТШО ЖЕТІСТІКТЕРІ

«Теңізшевройл» (ТШО) басқару және өндіріс салаларында қазақстандықтардың рөлін нығайтуды дәйекті түрде жалғастырып, еңбек ресурстарын жергіліктендіру бойынша нақты нәтижелер көрсетуде.

Бүгінде негізгі өндірісте және ПБР-ПУУД жобасында жұмыс істейтін қызметкерлердің 94,3%-ын Қазақстан азаматтары құрайды. Ал ПБР-ПУУД персоналын есептемегенде, ТШО-ның негізгі штатындағы қазақстандықтардың үлесі 95,5%-ға жетті. Салыстыру үшін, 1993 жылы бұл көрсеткіш бар болғаны 50% болған. Бұл — ұлттық кадрлық әлеуетке тұрақты инвестициялардың және дамудың айқын дәлелі.

Орта және жоғары буын басқарушыларының 85%-ын қазақстандықтар құрайды. ПБР-ПУУД жобасын есептемегенде, олардың үлесі 88%-ға дейін артады. Бұл жергілікті мамандарға деген сенімді және олардың кәсіби деңгейін көрсетеді.

2025 жылғы мамырда Honeywell компаниясы ТШО-ның қолдауымен Атырау мұнай және газ университетінде заманауи оқу сыныбын ашты. Бұл жоғары технологиялық өндірістер үшін білікті кадрлар даярлауға және елдің инженерлік әлеуетін дамытуға мүмкіндік береді.

ТШО қазақстандық үлесті арттыру бойынша ұзақ мерзімді стратегия шеңберінде кешенді жұмысын жалғастыруда. Бұл тек экономиканың дамуына ғана емес, сонымен қатар Қазақстанның тұрақты, бәсекеге қабілетті өнеркәсіптік және инженерлік базасын қалыптастыруға ықпал етеді.

Другие новости

Back to top button