Ақбота Керімбекова екінші ұлының тойын үйінің ауласына жасады

Танымал әнші Ақбота Керімбекова үйінің есік алдына үлының үйлену тойын жасады. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
Өнер иесі тойға дайындығын көрсетіп, достарының басын қосты.
“Бүгін Ақбота Керімбекова ұлының үйлену тойын жасап жатыр. Жастарға сіздердің жолдарыңызды берсін деп ырымдап, от шашумен екі жасты ортаға шығарды. Той-тойға ұласып, үлкен әулетті отбасына айналуын Алла қабыл етсін!”, – деп жазды Гүлзира Айдарбекова.
Желіде Ақботаның өнердегі досы Мейрамбек Беспаевтың тілегі жұртты күлкіге қарық қылды.
“Ақбота, төрт ұлыңды жеткіздің. Тойың тойға ұлассын! Сен үшін өте қуаныштымыз! Екі жас бақытты болсын. Төрт ұлың төрт қабырғаң аман болсын”, – деді Мейрамбек. Эстрада жұлдызы әншінің үш ұлы барын, төртіншісі құдай ауызға салды”,– деп әзілдеді.
Еске салайық, «Араласқысы келетін ниетін байқамадым» деп Ақбота Керімбекова ұлының тойына экс жұбайының келмегеніне ренішін жасырмаған еді.