Бизнес

Алматыда журналистер арасындағы жолдастық кездесу қалай өтті?

27 мамыр күні Алматыдағы С.П. Квочкин атындағы академияда әдеттегіден тыс қызу тіршілік байқалды. Бұл жолы алаңға кәсіби спортшылар емес, әдетте матчтарды сыртынан тамашалап, ойындар жайлы жазатын, бапкерлер мен ойыншылардан сұхбат алатын және трансляцияларды редакциядан бақылайтын қазақстандық журналистер шықты. Бұл күні олар диктофон мен ноутбуктың орнына футбол формасы мен бутсы киді.

Айта кетейік, матч Yandex Qazaqstan мен Қазақстан футбол федерациясы арасындағы ынтымақтастық туралы келісім аясында Кинопоиск видеосервисінің ұйымдастыруымен өтті.

Қатысушыларды кәсіби ойыншылардай қабылдады: арнайы форма берілді, қызу жаттығу мен нұсқаулық жүргізілді. Алаңдағы көңіл-күй де спорттық күйде болды: қақпашылар секіру жаттығуларын жасап, жартылай қорғаушылар пас беру әдістерін пысықтады.

Қысқа дайындықтан кейін командалар алаңға шығып, нағыз бәсеке басталды. Матч кәсіби төрешілердің қадағалауымен өтіп, алғашқы минуттардан-ақ қарқын алды. Екінші минутта Yandex Qazaqstan командасы қарсылас қақпасын бұзып өтіп, есеп ашты – гол авторы Әсел Серікова. Одан кейінгі 13 минутта бұл команда Кинопоиск командасының қақпасына тағы екі гол соқты.

Екінші таймда Yandex Qazaqstan өз басымдығын сақтап қалды және есепті 4-ке жеткізді. Қара форма киген “ Кинопоиск ойыншылары қорғанысты күшейтсе де, қарсыластың «құрғақ» жеңісіне жол бермей, екі доппен жауап қайтара алды. Матчтың қорытынды есебі – 4:2, Yandex Qazaqstan командасының пайдасына.

– Алаңда керемет уақыт өткіздік, бізге арнайы брендтелген автобуспен Квочкин академиясына трансфер ұйымдастырылды. Барлығы сондай шынайы өтті, өзімізді біраз уақыт кәсіби футболшы сезіндік. Киім ауыстыру бөлмесінде бізді дайын футбол формасы күтіп тұрды – бұл кәсіби клубтарда қалай ұйымдастырылса, тура сондай деңгейде болды. Ұйымдастырушылар бұл шараға өте жауапкершілікпен қараған, – деді матч қатысушыларының бірі, комментатор әрі спорт журналисі Пахита Амири.

Тартысты ойыннан соң – демалыс пен бейресми араласу, матчтың ең қызықты сәттерін бірге талқылау болды. Бұл күні футбол тек алаңдағы ойыншыларды ғана емес, осы ойынды жақсы көретіндердің бәрін біріктірді.

Айта кетейік, Yandex Qazaqstan мен ҚФФ арасындағы жаңа әріптестік кезеңі дәл осылай – ашық, адал әрі эмоцияға толы матчпен басталды. Ал алда – көбірек трансляциялар, жаңа контенттер мен жанкүйерлер үшін тың форматтар күтіп тұр.

Другие новости

Back to top button