Атырауская область
«Қайыққа мініп, Жайықты жүзіп өтпек болған»: 8 күн бұрын суға ағып кеткен жасөспірімнің денесі табылды

Атырау облысының құтқарушылары 3 мамыр күні Жайыққа ағып кеткен жас баланың денесін тапты, деп хабарлайды Azattyq Rýhy «Ақжайық» сайтына сілтеме жасай отырып.
Айта кетейік, оқыс оқиға 3 мамыр күні болған. Қайыққа мініп балық аулауға шыққан ол сол қайығымен Жайық өзенінің арғы бетіне жетпек болған. Алайда жолда қайықтан құлап кетіп, су астына кеткен.
«Оның денесін 3-мамырдан бері іздедік. Ағын қатты болды, судың асты лай, оның үстіне, су астындағы әртүрлі заттар іздеуге кедергі келтірді. Дегенмен, құтқарушылар күн-түн демей баланың денесін 11 мамыр күні тауып алды», — деп хабарлайды аймақтық ТЖД.