Западно-Казахстанская область
БҚО-да сирек кездесетін ақбөкен мүйізін сатып жүрген күдіктілер ұсталды

Батыс Қазақстан облысында сирек кездесетін ақбөкен мүйізін сатып жүрген саудагерлер ұсталды, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.
Батыс Қазақстан облысында ұйымдасқан қылмысқа қарсы күрес басқармасы мен ҚР Ұлттық қауіпсіздік комитеті департаментінің қызметкерлері сирек кездесетін жануарлар түрлерінің заңсыз саудасының жолын кесті.
Облыстық Полиция департаментінің мәліметінше, Орал-Атырау тасжолында полицейлер Toyota Alphard автокөлігін тоқтатты. Көліктің жүксалғышынан 291 ақбөкен мүйізі бар екі қорап табылды. Мүйіздердің 1982 жылы туған Бөкей ордасы ауданының тұрғыны, көліктің жолаушысына тиесілі екені анықталды.
Іс жүзінде қылмыстық іс қозғалды, тергеу жүргізілуде.