Мангистауская область
Ақтау тұрғыны жуылған іш киімін далаға жаямын деп айыппұл арқалады (ВИДЕО)

Ақтау тұрғыны жуылған іш киімін кептіру үшін далаға жаямын деп айыппұл арқалады, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.
Оқиға полиция қызметкерлерінің назарына ілігіп, салдарынан кінәлі тұрғын әкімшілік жауапкершілікке тартылды.
«Ақтаудың 32В, 8 үйдің кіре берісіне киімдерін іліп, абаттандыру қағидасын бұзған тұрғын жауапқа тартылды. Ақтау қаласы ПБ учаскелік полиция инспекторлары азаматқа ҚР ӘҚБтК-нің 505 бабы хаттама толтырды», — делінген қалалық Полиция бөлімі таратқан хабарламада.