Мангистауская область

Қойды шанасына отырғызып, сырғанақ ойнаған: Ақтау тұрғыны ессіз қылығы үшін кешірім сұрады (ВИДЕО)

Желіде тараған видеожазбада қойды сырғанаққа апарып, ойнап жүрген адамның ерсі әрекеті сынға ұшырады, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

Ақтау тұрғыны қойды шанасының алдына салып, сырғанап, жануарды қорлаған. Видеода көрінгендей, мұз үстінде тек малдың иесі ғана емес, басқа демалушылар да қойды соғып, қайта-қайта құлатып, мәз болған. Төрт түліктің бірін адамдар көп жиналатын орынға апарып, қинап, оны видеоға түсірген адамды полиция ұстады. Күдікті бұл қылығын «қойға жарнама жасау» деп түсіндірген.

«Самал ауданында қоймен сырғанап, оны жарнамалау мақсатында видео түсіріп, әлеуметтік желіге салған едік. Сосын қойды бір адамға сыйлағымыз келген. Қазір қойдың жағдайы жақсы, еш жері сынбаған. Маңғыстау тұрғындарынан кешірім сұраймыз. Енді мұндай жағдай қайталанбайды», — деді ол.

Другие новости

Back to top button