Қосымша құн салығы 16% болады: салық кодексі жобасы мәжілісте талқыланып жатыр

Салық кодексінің жобасына үкіметтің жаңа бастамаларын талқылау үшін төменгі палатаның қаржы және бюджет комитеті дөңгелек үстел өткізіп жатыр, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.
Мәжілісте өткен дөңгелек үстелде Қазақстанда жоспарланып отырған салық реформасының егжей-тегжейі айтылды.
Фармацевтика индустриясы, медициналық қызметтер және әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарлары үшін ҚҚС-тың төмендетілген мөлшерлемесі 10% деңгейінде белгіленеді, – деп мәлімдеді ұлттық экономика бірінші вице-министрі Азамат Амрин.
ҚҚС төлеуші ретінде тіркеу үшін шекті меже 20 000 АЕК-тен 3 800 АЕК-ке (14 941 600 теңге) дейін төмендетіледі.
Еске сала кетсек, Үкіметтің экономикалық блогы сарапшылар тобымен бірлесіп, бюджет-салық және тариф саясаты реформалары бойынша жаңа тәсілдер әзірлеп жатқанын хабарлағанбыз.
Сондай-ақ бизнесвумен, Салық альянсының мүшесі Жанар Сүлейменова Қазақстан үкіметінің ҚҚС ставкасын 20 пайызға дейін көтеру туралы ұсынысына үн қатып, бастамаға қарсылық білдірді.
Экономикалық даулар саласындағы адвокат, бұрынғы салық кеңесшісі Жангелді Сүлейманов те Үкіметтің Қазақстанда қосылған құн салығы (ҚҚС) ставкасын 20 пайызға дейін көтеру идеясымен келіспейтінін жеткізді. Кейін үкімет бұл салықты 16 пайыз болатынын айтты.