Павлодарская область
«Небары 20 минутыңыз бар»: Павлодардың кемінде бес мектебіне «бомба» қойған кім (ВИДЕО)
![](https://matritca.kz/wp-content/uploads/2025/02/snimok-ekrana-2025-02-13-115825-780x470.png)
Бүгін, 2025 жылдың 13 ақпанында Павлодардың бірнеше мектебіне бомба қойылды деген жалған ақпарат түскен. Әлеуметтік желіде осы мектептің оқушылары эвакуацияның видеоларын жүктеп жатыр, деп хабарлайды Azattyq Rýhy
Қоңырау соққан адам «балаларды алып шығу үшін небары 20 минут уақыт беремін» деп ұстаздар мен құтқару қызметін аяғынан тік тұрғызған. Қоңырау ең алдымен №39 мектепке түскен. Директор бірден 102-ге қоңырау соғып, балаларды сыртқа шығара бастаған.
Іле-шала қаладағы тағы төрт мектепке қоңырау шалған белгісіз біреу «мектептің ішінде бомба бар» деген. Осылайша, мектеп директорлары мен ұстаздар оқушыларын жаппай сыртқа шығара бастаған.
Қаланың полиция департаменті қазір осы телефон қоңырауларына байланысты қылмыстық іс қозғалғанын хабарлап отыр.